ҚТЖ жазда 4 млн-нан астам жолаушы тасымалдады

Жолаушылар тасымалы
19.09.2025, 09:23
Оқуға 1 мин

2025 жылдың жазғы кезеңінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 4 миллионнан астам жолаушы жолға шықты. Ең жоғары сұранысқа ие бағыттар қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Түркістан және Алакөл қалалары болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Маусымдық сұранысты қамтамасыз ету үшін 13 қосымша пойыз ұйымдастырылды. Алакөлге баратын жолаушылар үшін арнайы пойыздар Астана–Достық, Алматы–Достық, Семей–Шар–Достық, Өскемен–Ақтоғай–Достық, Қызылорда–Достық және Павлодар–Достық бағыттарында іске қосылды. 

Жазғы маусымның маңызды оқиғаларының бірі – Burabay Express №888/887 жаңа электр пойызының «Астана – Бурабай Курорты» бағыты бойынша іске қосылуы болды. Құрам алты вагоннан тұрады, үш түрлі қызмет көрсету класы ұсынылған: бірінші, «комфорт-плюс» және стандарт. Бұл электрпойызда Қазақстанда алғаш рет жоғары жылдамдықты Starlink интернеті енгізіліп, жолаушыларға сапар барысында тұрақты байланыс қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, вагон паркін жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Тамыз айында халықаралық Алматы–Саратов бағытына 30 жаңа вагоннан құралған құрам пайдалануға берілді. Бұл шешім жолаушылардың сұранысын қанағаттандырып, халықаралық тасымалдарда қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартты.

2025 жылдың басынан бастап, оның ішінде жазғы кезеңде, 352 мың мүмкіндігі шектеулі жолаушы және 1,2 миллионнан астам бала тасымалданды. Бұл деректер теміржол көлігінің әлеуметтік маңыздылығын айқындайды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды