Екі бағыттағы пойызға Starlink интернеті қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өз пойыздарында цифрлық технологияларды дамытуды жалғастыруда. Алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» бағыттарындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қолжетімді болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа буындағы «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін №888/887 «Burabay Express» электропойызында  

Starlink технологиясы іске қосылып, жолаушылар алғаш рет жол үстінде интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бұл — жылдамдығы 250 Мбит/с-тан асатын жоғары жылдамдықты интернеті бар алғашқы жүрдек электропойыз.

Пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері бұл қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Жолаушылар ойын-сауық контентін көру, мессенджерлер арқылы байланысу, сапар барысында қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе және қолма-қол ақшасыз төлем қызметі сияқты қосымша сервистерді пайдалана алады.

Ұлттық тасымалдаушы үшін бұл жоба жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Пойызға орнатылған бейнекамералар жол бойы жағдайды бақылауға, ал GPS-трекерлер маршрутты нақты уақыт режимінде Ситуациялық орталықтан қадағалауға мүмкіндік береді.

Жоба пойыздарға жоғары жылдамдықты интернет енгізуге маманданған SkyNomad компаниясымен әріптестіктің нәтижесінде жүзеге асырылды. Компания жолаушыларға тұрақты қосылуды қамтамасыз ететін кешенді веб-платформа әзірледі. Ал Starlink технологиясы дәстүрлі желілер қолжетімсіз ең шалғай аймақтарда да сенімді интернет байланысын ұсынады.

Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ цифрландыру бағдарламасы аясында пойыздарды интернетпен қамту жұмысын жалғастырып, пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және №3/4 «Астана – Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарында төмен орбиталы жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосты. Бүгінгі күнге дейін осы үш бағытта 100 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланды.

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды