100-ден астам адам «Keruen express» туристік пойызымен жолға шықты

Жолаушылар тасымалы
03.10.2025, 09:53
Оқуға 1 мин

Бүгін Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Keruen express» туристік пойызымен сапарға шықты. Турдың ұзақтығы – 5 күн, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз заманауи әрі жайлы отандық өндірістің вагондарынан жасақталған. Интерьер ұлттық нақышта безендіріліп, дәстүрлі ою-өрнектермен айшықталған. Құрамда үш купелік және бір мейрамхана вагоны бар.

Бағыт бойында туристтер Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарына аялдап, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін жәдігерлермен танысады. Сапар барысында олар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көне Отырар қалашығын, Самарқандағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңын, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңын, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін тамашалайды.

Турпакетке пойызбен сапар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, барлық экскурсиялық билеттер мен трансферлер толық қамтылған.

«Keruen express» туристік пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бастамасымен және «Өзбекстан темір жолдарының» қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл жоба Қазақстанның халықаралық туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын кеңінен танытуға серпін береді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды