Жаңа жыл қарсаңында қала маңы пойыздары қосымша 3 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды

Жолаушылар тасымалы
10.12.2025, 16:53
Оқуға 2 мин

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушылар санының көбеюіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ ең сұранысқа ие қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздарын тағайындайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қосымша қала маңы электр пойыздарының қозғалыс кестесі:

1. №6803/6804 «Астана-1 – Атбасар»

Жүру күндері: 2025 жылғы 17 және 30 желтоқсан

* «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 08:38, Атбасар станциясына келуі — 12:50;

* Атбасар станциясынан кері жөнелтілуі — 14:50, «Астана-1» станциясына келуі — 18:57.

2. №7510/7509 «Астана-1 – Павлодар»

Жүру күндері: 2025 жылғы 29 және 31 желтоқсан

* «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 15:30, Павлодар станциясына келуі — 22:06;

* Кері жөнелтілуі (келесі тәулікте) Павлодар станциясынан — 11:10, «Астана-1» станциясына келуі — 18:05.

3. №7515/7516 «Астана-1 – Бурабай курорты»

Жүру күндері: 2025 жылғы 29, 30 және 31 желтоқсан

* «Астана-1» станциясынан жөнелтілуі — 20:25, Бурабай курорты станциясына келуі — 23:01;

* Кері жөнелтілуі — 23:25, «Астана-1» станциясына келуі — 02:10.

Қосымша рейстердің тағайындалуы мереке күндері 3 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға ықпал етеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алуды және қала маңы бағыттарында сұраныстың жоғары болатынын ескеруді ұсынады.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушы қосымша стандартты жолаушылар пойыздарын — №201/202 «Алматы-2 – Астана-1», №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент», №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол», сондай-ақ тіркеме вагондарды тағайындаған. Бұл пойыздар мереке күндері 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметтерді ресми онлайн-табло сайтында https://tablo-railways.kz/ru/ қолжетімді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды