Қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне орай, Ұлттық тасымалдаушы өңірлер арасындағы көлік қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды тасымалдау үшін үш жолаушылар пойызын тағайындады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушыларды тасымалдауға төмендегі пойыздар қатынайды:

№ 613 Маңғыстау — Орал,

№ 692 Ақтөбе — Атырау,

№ 110 Ақтөбе — Маңғыстау.

Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.