Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райы кезінде 400-ге жуық жолаушы ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды

Жолаушылар тасымалы
11.02.2026, 08:55
Оқуға 2 мин

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе — Астрахань тас жолында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуіне орай, ҚТЖ жолаушылар пойыздарында қосымша шамамен 400 тегін орын ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жедел шаралар ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Осылайша, 2026 жылғы 10 ақпанда ҚТЖ пойыздарымен қосымша шамамен 400 жолаушы төмендегі бағыттар бойынша тасымалданды:

Бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы туралы ақпарат:

№613 «Маңғыстау — Орал» пойызы:

• Қандыағаш — Ақтөбе: 18 жолаушы;

• Алға — Ақтөбе: 106 жолаушы.

№692 «Ақтөбе — Атырау» пойызы:

• Ақтөбе — Қандыағаш: 29 жолаушы;

• Ақтөбе — Алға: 45 жолаушы;

• Ақтөбе — Тамды: 9 жолаушы;

• Ақтөбе — Бестамақ: 9 жолаушы;

• Алға — Тамды: 2 жолаушы.

№110 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызы:

• Қандыағаш — Ақтөбе: 7 жолаушы;

• Ақтөбе — Алға: 80 жолаушы.

№691 «Атырау — Ақтөбе» пойызы:

• Қарауылкелді — Ақтөбе: 7 жолаушы;

• Шұбарқұдық — Ақтөбе: 3 жолаушы;

• Қандыағаш — Ақтөбе: 23 жолаушы;

• Ақкемер — Ақтөбе: 1 жолаушы;

• Тамды — Ақтөбе: 7 жолаушы;

• Алға — Ақтөбе: 32 жолаушы;

• Бестамақ — Ақтөбе: 4 жолаушы.

ҚТЖ қолайсыз ауа райы кезеңдерінде халықтың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай шараларды жыл сайын жүйелі түрде жүзеге асырады. Атап айтқанда, биылғы қыс мезгілі басталғалы бері еліміз бойынша теміржол көлігі арқылы Шідерті, Ерейментау, Павлодар, Көкшетау, Бурабай курорты, Қарағанды, Макинка, Ақкөл, Аршалы, Сағыз, Қарауылкелді және басқа да бағыттар бойынша 1 мыңнан астам жолаушы жеткізілді.

Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды