ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді

Жолаушылар тасымалы
12.03.2026, 09:55
Оқуға 2 мин

Қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында тас жолдардың уақытша жабылуына орай ҚТЖ жолаушылардың қатынауын қамтамасыз ету үшін теміржол арқылы тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2026 жылғы 10-12 наурыз аралығында 7 пойызға жолаушыларды отырғызу жүргізіліп, барлығы 390 жолаушы жеткізілді.

10 наурыз күні Астана – Павлодар учаскесінде жолаушыларды №353 «Семей – Нұрлы жол» пойызына отырғызу ұйымдастырылды. Павлодар, Екібастұз, Шідерті және Ерейментау станцияларынан Нұрлы жол станциясына дейін 44 жолаушы жеткізілді.

11–12 наурыз күндері Ақтөбе – Атырау учаскесінде жолаушыларды тасымалдау келесі пойыздармен жүзеге асырылды:

№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы - Ақтөбе станциясынан Қандыағаш, Алға және Бестамақ станцияларына дейін 73 жолаушы тасымалданды.

№109 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы — Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 13 жолаушы жеткізілді.

№110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы — Ақтөбе станциясынан Алға және Бестамақ станцияларына дейін 117 жолаушы тасымалданды.

№34 «Ақтөбе – Алматы» пойызы — Ақтөбе станциясынан Алға және Қандыағаш станцияларына дейін 44 жолаушы жеткізілді.

№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы - Қарауылкелді, Шұбарқұдық, Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 35 жолаушы тасымалданды.

Сондай-ақ, Павлодар – Астана учаскесінде жолаушыларды тасымалдау №139 «Павлодар – Пресногорьковская» пойызымен жүзеге асырылды. Шідерті, Ерейментау, Еркеншілік станцияларынан Астана станциясына дейін 64 жолаушы жеткізілді.

2026 жылғы қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы жеткізілді.

Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі қозғалыстың ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды