Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады

2026 жылғы 20-25 наурыз күндері Jibek Joly халықаралық туристік жобасы жаңа сапарға аттанып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтитын бірлескен трансшекаралық туристік маршрутты жүзеге асырады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Маршрут Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы бағытымен өтеді. Сапар барысында саяхатшылар бірнеше күн ішінде өңірдегі маңызды тарихи-мәдени әрі рухани орталықтармен танысады.

Жоба мемлекеттер арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға, Орталық Азия елдері арасындағы байланыстарды нығайтуға және бірлескен трансшекаралық туристік бағыттарды ілгерілетуге бағытталған.

Сапар барысында саяхатшылар түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістан қаласына, ислам өркениетінің маңызды тарихи қалаларының бірі – Самарқандқа, бай мәдени мұрасы бар Тәжікстанның астанасы – Душанбеге, сондай-ақ Орталық Азиядағы ірі әкімшілік әрі туристік орталықтардың бірі – Ташкентке барады. Маршрут бағдарламасына экскурсиялар, тарихи-мәдени мұра нысандарын аралау және қатысушы елдердің дәстүрлерімен таныстыратын мәдени іс-шаралар енгізілген.

Жоба ҚР Туризм және спорт министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның және «Қазақстан туризм индустриясы» РҚБ республикалық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде