ҚТЖ-ның әйелдерге арналған вагондарымен 856 мыңға жуық жолаушы сапарлады

Жолаушылар тасымалы
08.04.2026, 13:38
Оқуға 2 мин

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі енгізілген сәттен бастап 856 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Бұл қызмет бүгінде жоғары сұранысқа ие. Егер 2025 жылы 260 мыңнан астам әйел жолаушы билет рәсімдеген болса, 2026 жылдың басында бұл көрсеткіш бірден 65 мыңға дейін көтерілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазіргі таңда әйелдер вагондары 12 негізгі бағытта қатынайды:

* №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау»;

* №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»;

* №45/46 «Павлодар – Түркістан»;

* №37/38 «Маңғыстау – Семей»;

* №47/48 «Атырау – Нұрлы жол»;

* №33/34 «Алматы-1 – Ақтөбе»;

* №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2»;

* №71/72 «Нұрлы жол – Шымкент»;

* №354/353 «Нұрлы жол – Семей»;

* №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1»;

* №25/26 «Алматы-2 – Шымкент»;

* №614/613 «Орал – Маңғыстау».

Бұл вагондардың басты ерекшелігі – жолаушыларға жайлы орта қалыптастыру. Аталған вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, бұл вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Жеті жасқа дейінгі ұл балалардың жолаушымен бірге жүруіне рұқсат етілген.

Әйелдер вагонына билет вокзал кассаларында немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде рәсімделеді. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Билетті онлайн рәсімдеген кезде «әйелдерге арналған» белгісі бар орындарды таңдау, ал кассадан алған жағдайда әйелдер вагоны қажет екенін кассирге алдын ала ескерту жеткілікті.

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды