ҚТЖ «Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдарын іске қосты

Жолаушылар тасымалы
10.04.2026, 11:59
Оқуға 2 мин

Бұл бастама тұрғындардан түскен бірқатар өтінішке сәйкес қолға алынды. Бағытта жаңа үлгідегі RWS Wagon вагондары қатынайды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Пойыз құрамында екі купе және екі плацкарт вагоны бар. Күн ара қатынайтын жаңа бағыт елорда мен Жетісу облысы арасындағы тұрақты қатынасты жолға қояды. Астанадан шыққан вагондар алдымен №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында жүреді. Ақтоғай бекетінде олар №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына тіркеліп, әрі қарай Талдықорған станциясына дейін барады.

Пойыз Астанадан (Нұрлы жол) 9 сәуірден бастап тақ күндері сағат 06:32-де аттанып, Талдықорғанға келесі күні 11:05-те жетеді. Кері бағытта Талдықорғаннан 10 сәуірден бастап жұп күндері сағат 12:15-те шығып, Астанаға 19:30-да келеді. Жол жүру уақыты шамамен 28 сағатты құрайды.

«Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға сай. Вагондардың ішкі интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған. Сондай-ақ, мұнда климат-бақылау мен ауа тазарту жүйелері, жиналмалы жатын орындар, USB-порттар мен 220В розеткалар, Wi-Fi, LED-жарықтандыру және сапалы жылу оқшаулағыш орнатылған. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, өрт сөндіру жүйелері және кондиционер қарастырылған. Бұдан бөлек, дыбыстық ақпарат беру, электронды таблолар мен шығу есіктерінің жарықтандырылуы бар», – деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері.

Көлік саласының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда жылжымалы құрамды жаңарту мен бағыттар аясын кеңейтуге басты басымдық беріледі.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды