ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмыс қорытындысын шығарды. Осы кезеңде Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы сапарлаған деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушылар ағыны дәстүрлі түрде еліміздің ірі қалаларына тиесілі болды. Жолаушыларды жөнелту көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастады. Жыл басынан бері бұл қаладан 993 мың жолаушы жолға шыққан. Екінші орында Астана қаласы – 855 мың жолаушы, ал Шымкент қаласынан 393 мың жолаушы тасымалданды.

Өңірлер бойынша да жолаушылар ағыны жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының станцияларынан 615 мың, Абай облысынан 413 мың, Қарағанды облысынан 390 мың, Қызылорда облысынан 366 мың және Жамбыл облысынан 286 мың жолаушы пойыз қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіштер теміржол көлігіне деген сұраныстың республиканың барлық өңірлерінде тұрақты екенін айғақтайды.

Теміржол тасымалына сұраныс әсіресе жазғы және қысқы маусымда, сондай-ақ, мереке күндері арта түседі. Осыған байланысты 2026 жылдың жазғы маусымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 15 қосымша теміржол бағытын ұйымдастырып, 4 қосымша «Тальго» пойызын және 3 қосымша қала маңы пойызын іске қосты. Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар Астана – Достық, Алматы – Достық, Семей – Достық, Өскемен – Достық, Қызылорда – Достық және Павлодар – Достық бағыттарында қатынайды. Сонымен қатар Алматы – Астана, Астана – Шымкент, Ақтөбе – Астана, Қарағанды – Балқаш және Алматы – Семей бағыттарындағы сұраныс жоғары пойыздарда орын саны көбейтілді.

Теміржол билеттеріне сұраныс артқан кезеңде «Күту парағы» қызметін қолдануға болады. Бұл қызмет бос орындарды сатып алуға мүмкіндік береді. Сервис bilet.railways.kz сайтында және барлық теміржол билет кассаларында қолжетімді. 

2026 жылдың басынан бері «Күту парағы» арқылы жолаушыларға 84 мыңнан астам босаған орын ұсынылып, нәтижесінде 28 мыңнан астам билет рәсімделді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ, билеттерді сатуға арналған мобильді сервистер арқылы қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасы @jolaushylar_tasymaly арқылы сатып алуға болады.

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде