Қаламаңы тасымалы қажетке жарап тұр

Өңір халқына тиімді қызмет көрсетіп келген Шу-Тараз бағытындағы Спутник қалааралық пойызы Жамбыл облысының Шу мен Тараз қалалары аралығындағы елді мекен тұрғындары үшін аса қолайлы болатын. Әрқайсысы 52 орындық 3 вагонның қай уақытта мінсеңіз де жолаушыларға лық толып тұратыны оның қарапайым халыққа тиімділігін аңғартатын. Алайда, биылғы жыл басынан бұл пойыз өз жұмысын тоқтатты.  

– Жекеменшік тасымалдаушы иелігінде халыққа қызмет көрсетіп келген бұл пойыздың тоқтап қалуы халыққа қолайсыздық тудырғаны рас. Дегенмен, қазіргі таңда Шу-Мыңарал, Шу-Отар бағытындағы екі пойыз елді мекендер арасындағы тұрақты қатынасқа негіз болып отыр. Аталған екі пойыздың да жүру уақыттары жолаушыларға тиімді, – дейді Шу станциясы бойынша вагондар нұсқаушысы Нұрмұқан Тасыбеков. 

Оның айтуынша, Шу-Мыңарал пойызы таңғы 6.35-те Мыңарал станциясынан қозғалып, жол бойы Бірлік, Жиделі станцияларының тұрғындарын жинап, Шу қаласына 11.10-да жетеді. Жолаушылар азық-түлік алу, дәрігерге көріну сынды өзге де шаруаларын тындырып, түстен кейін 15.15-те осы пойызға қайта отырып, кешкі 19.50-де үйлеріне жетеді. Ал, Шу-Отар пойызы Отар станциясынан таңғы сағат 6.05-те шықса, Шу қаласына 9.50-де жетеді. Отар станциясының тұрғындары Шу қаласына көп қатынай бермейтіні анық. Өйткені, ол көршілес Қордай ауданына қарайды, арғы жағында үлкен мегаполис – Алматы қаласы да жақын. Сол себептен, бұл бағыттағы пойызбен көбіне екі аралықтағы Кемер, Еспе, халық көп шоғырланған Шоқпар, Алайғыр, Құлақшын, Бел, Аңырақай станцияларының тұрғындары Шу қаласына жиі келеді. Шу қаласы мен аудан орталығынан түрлі шаруаларын тындырып, 15.30-да осы жерден жылжитын пойызға отырған жолаушылар 19.16-да соңғы станция, яғни Отар станциясына келіп жетеді. Аталған екі пойыздың да қатынау мерзімі халыққа тиімді. Өйткені, түнейтін, баратын жері жоқ жолаушылар қала ішінде тентіремей, кешкісін өз шаңырақтарында отырады.

Жалпы, жолаушылар тасымалын жүзеге асырып отырған Шу-Мыңарал және Шу-Отар пойыздарында 10 жолсерік, 3 локомотив бригадасы бар, олар ауысыммен жұмыс жасайды. Бір локомотив бригадасында 1 машинист және оның көмекшісі бар. Олардың барлығы – осы Шу ауданының жергілікті тұрғындары.

Жолаушылар билетінің құнына келер болсақ, ең жоғарғы баға – Отарға дейін 794 теңге болса, ең төменгі баға – Бірлік станциясына дейін 49 теңге. Темір жол саласында еңбек ететіндер күнделікті қатынайтын бұл пойызбен аптаның бес жұмыс күнінде қызметтік куәлігі арқылы тегін жүре алады. Өйткені, бұл жөнінде темір жол мекемелері арасында келісімшарт жасалған. Бұрындары көптеген пойыздар бір жолда болғандықтан, бір-бірін өткізу үшін кейбір кіші станциялардың өзіне тоқтап тұратын. Соңғы жылдары қос жолдың қолданысқа енгізілуі үлкен пойыздардың шағын станцияларға тоқтамауына себеп болды. Олар желдей жүйткіп отырып, тек үлкен станцияларға аялдайды. Ал, Шу-Мыңарал және Шу-Отар пойыздарының бір артықшылығы – аралықтағы станциялар мен барлық разъездерге тоқтап, шағын бекеттер халқына қызмет көрсетеді.

Алайда, бүгінгі күні жергілікті халық Шу-Тараз бағытындағы пойыздың қайта жүруін сұрап отыр екен. Қарапайым тұрғындар үшін тиімді бағадағы, жол жүру құны бар болғаны 560 теңгені құрайтын бұл пойыз қызметі облыстың ірі екі қаласын байланыстыратын ең әлеуметтік маңызды бағыт деп есептеледі екен.

– Сондықтан, келешекте бұл бағытты «Қала маңындағы тасымал» АҚ өз меншігіне сатып алып, қайта жолға қойса, аудан көлеміндегі маңызды мәселенің түйіні тарқайтын еді, – дейді Нұрмұқан Сабыржанұлы да жерлестерінің өтіншін қоштап..

Динара Батырхаирова, Шу 

Суретті түсірген автор.


Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап