Трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Нұрлан Сауранбаев

Жаңалықтар
25.11.2025, 10:39
Сурет: Үкімет

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгені туралы баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ол бүгінгі күні барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Атап айтқанда, «Орталық Азия»  өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығы бойынша Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы жалғасуда, ол 2026 жылы аяқталады.

Еуразия трансшекаралық сауда орталығы келесі жылы пайдалануға берілетін Пойма стансасы арқылы теміржол желісіне жеткізіледі.

Қорғас бағытында «Алтынкөл – Жетіген» теміржол учаскесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба учаскенің өткізу қабілетін 25 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстар 2026 жылы толығымен аяқталады.

Каспий торабы аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлік хабтың 1-ші кезегінің құрылысы аяқталады. Жалпы, жобаны жүзеге асыру кезінде контейнерлік хабтың қуаты жылына 200 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізілетін болады. Сондай-ақ Ақтау портында портакваториясын тереңдету, айлақтарды жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

«Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалын салу жобасы жүзеге асырылуда. Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарды ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжанда сыйымдылығы 700 контейнер болатын екі кеме сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ порттарға баратын теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Нұрлан Сауранбаев.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда