Бейнеулік вагон қараушы жүк пойызының автотіркегішінде ұзындығы 80 мм жарықшақ барын анықтады

ҚТЖ келбеті
26.10.2021, 11:53
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеулік вагон қараушы қауіптің алдын алды. Қырағы вагон қараушы автотіркегіштен оңай байқала қоймайтын ақауды анықтап, қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қатерді жойды. Вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушы-жөндеушісі Мейрамбай Жариев станцияның 14-жолына келіп тоқтаған 3290 нөмірлі жүк пойызына қызмет көрсету кезінде 60707361 нөмірлі вагоннан тосын дыбысты байқап, тексере келе автотіркегіштен ұзындығы 80 мм жарықшақ тапты. Бұл Құлсары станциясынан Жаңа-ауыл станциясына жол алған, жүк тиеулі вагон болатын. Таяуда ғана, 25 қыркүйекте «Ибраев+К» мекемесінен деполық жөндеуден өтіпті. «Қазтеміртранс» АҚ-на тиесілі қазақстандық вагон.

– Мейрамбай Жариев жеті-сегіз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, тәжірибесі толыққан вагон қараушы. Осы уақытқа дейін бұдан басқа да қауіпті ақауларды тауып, көзге түскен. Енді автотіркегіштің кіші тістеріндегі жарықшақты дер кезі байқап, жұмысына жауаптылығын тағы да дәлелдеп отыр. Егер ондай кемшілігі бар вагон әрі қарай да жүре бергенде жолда өздігінен ағытылып кетіп, апат болуы мүмкін еді, – дейді Бейнеу ТҚКП басшысы Нұралы Клычев.

Айта кетсек, бұл – Бейнеуде қазан айында тіркелген бірінші жағдай. Оған дейін тоғыз ай ішінде бейнеулік вагон қараушылардың назарына 23 вагоннан ақау табылған екен.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды