Тәуелсіздік алған жылы туған шымкенттік теміржолшы кәсібін мақтан тұтады

ҚТЖ келбеті
15.12.2021, 09:55
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Біздің кейіпкеріміз Гаухар Борықбаева – Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик болып жұмыс істейді. Ол Қазақ елі тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгенін бағы деп біледі.

– Мен жалпы патриотпын, «Менің Қазақстаным» Әнұранын немесе «Мен қазақпын» деген әнді тыңдасам, толқып көзіме жас келеді. Қазақстанымды әлемнің ешбір еліне айырбастамаймын, «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» дейді ғой, дегенмен біздің елге, оның ішінде өзім туып-өскен оңтүстікке жер жетпейді. Бала-шағамның да осы елде өсіп-өнгенін қалаймын, – деп сыр шертті Гаухар.

Ол теміржол саласын, оның ішінде электромеханик мамандығын неге таңдағанын да айта кетті. Айтуынша, мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімін тануы қажет.

– Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек деп ойлаймын. Әкем Бағлан Аңсабекұлы Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде еңбек етеді. Теміржолшы кәсібін таңдауыма әке ықпалы болған шығар, мектепте математика-физиканы жақсы оқыдым, сосын байланыс жүйесі, электромеханиканы таңдадым, жалпы кәсіп таңдауда қателеспеген жанмын», – дейді ол.

Гаухар жуырда «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» деректі фильмін көріп, қатты әсерленгенін әңгімелеп берді. Қазақ халқының батыр ұл- қыздарының ерлігіне бас иіп, ондай жанкешті батылдықты тек еркіндік пен егемендікті шын жүрегімен аңсаған халықтың ұрпағы ғана жасай алады деп ой қорытқанын айтты. «Ұлы даланың қарыс жерін қорғау үшін төгілген қан мен тердің өтеуі, бабалар арманы, аманаты – Тәуелсіздігіміз баянды болсыншы» деп шын тілегін жеткізді.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты