Орда бұзар жастағы маңғыстаулық маман екі рет «Қозғалыс қауіпсіздігі» белгісімен марапатталған

ҚТЖ келбеті
15.12.2021, 09:59
Жанарбек Якупбаев – Маңғыстау вагон пайдалану депосының Маңғыстау станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы. Жай ғана вагон қараушы емес, екі рет «Қозғалыс қауіпсіздігі» белгісімен марапатталған үздіктің үздігі. Еңбек жолын енді бастаған отыз жастағы жігіт үшін бұл – үлкен жетістік. Талай рет вагондардағы қауіпті ақауды анықтап, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қосқан қомақты үлесі үшін 2019-2020 жылдары қатарынан екі рет марапатталған теміржолшы салада саусақпен санарлық. «Жүзден жүйрік» деген осы болар. Жанарбек марапатын мақтаныш етпейді, тым қарапайым, керісінше білмегенім әлі көп дейді, үнемі ізденісте. Жазда қашықтан оқу курсына қатысыпты, он күн ақтөбелік мамандардан білім алып, емтиханды сәтті тапсырған.
− Қазір көп вагондар жаңарып, техникалар, тіпті вагондардың бөліктері өзгеріп, бұрын-соңды көрмеген жаңа техникалар шығуда. Сондықтан вагон саласында қандай ақаулықтар болуы мүмкін, үнемі білім жетілдіріп отырмасақ қиын. Түрлі жағдай болады. Анықтау оңай емес ақаулар кездеседі. Мәселен, сондай бір жағдай күндізгі ауысымда жүргенімде кездесті. Жүк пойызына техникалық қызмет көрсету кезінде буксын балғамен ұрғанда дыбысы өзгешелеу естілді. Сырттан білінбейді. Бірақ мұқият тексере келе букстың 15 мм жылжығаны анықталды. Дереу құрамнан ағыттық. Дәл сол күні Құрық портынан келген пойыздан бүйірлік рамадағы жарықшақты таптым. Екі вагон да шет мемлекеттікі еді. Биылғы бірінші тоқсанда анықтаған ақаулық та сондай ерекше жағдайда табылды. Вагонның жұп доңғалағында жамалған тесікке жарықшақ түскен екен. Күндізгі ауысым болса да ерте қараңғы түскен кез. Ақауды шамның жарығымен таптым. Осы жылы одан басқа вагонның арбашық бөлігінен ұзындығы 180 мм жарықшақты анықтадым. Бұл вагондар қауіпті жүк таситын, яғни бензин мен сұйық газ таситын цистерналар еді. Екеуінің де ішінде жүгі болды, – дейді бұл туралы кейіпкеріміз.
Жанарбек – 1991 жылдың желтоқсанында түбектегі теміржолшылар жанұясында туған төрт баланың кенжесі. Әкесі марқұм Жұмабек Якупбаев 15 жасында теміржолда жұмыс істеп бастап, салаға 45 жылға жуық еңбегі сіңген майталман теміржолшы болыпты. Анасы Қалима Қайырқызы да 38 жыл теміржолда еңбек етті. Бірге туған бауырларының бірі вагон шаруашылығында бас маман, бірі пойыз диспетчері. Келіншегі Света да теміржолшы, қазір үш баласымен үйде отыр.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары отбасымыз үшін оңай болмапты. Ата-анам 1990 жылы Маңғыстау станциясына көшіп келеді. Бір бөлмелі үйде төрт баламен тұрады. Жалақыны бірнеше айда бір алатын уақыт болған. Сонда да теміржолдан кетпеген. «Түркіменстанда тұрғанда Қазақстан туралы тек естіп білдік, атақонысқа аяғымыз тисе деп армандадық. Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрген әр күнім жылға бергісіз, осы елде туып өсіп ер жеткен сендер бақыттысыңдар» деп отыратын әкем, – дейді тәуелсіздіктің құрдасы.
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды