Арыстық теміржолшылар әулетінің кейінгі буыны атакәсіпті лайықты жалғастырып келеді

ҚТЖ келбеті
15.12.2021, 10:40
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Тәуелсіздік жылы дүниеге келген тағы бір теміржолшы – Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Мейіржан Жаңабаев. Жалпы еңбек өтілі 500 жылдан асатын атақты династиядан шыққан жас «теміржолшы – біздің атакәсібіміз» дейді мақтанышпен.

Мейіржанның отбасыңда үлкен қуаныш. Өзі Тәуелсіздік алған жылы дүние есігін ашса, оның отыз жылдығында Айбарыс есімді ұлды болды. «Ұлымның есімін Қазақстан Орта Азияның барысына айналсын деп ырымдап өзім қойдым» дейді қуанышымен бөліскен жас әке.

«Қазақ халқының басынан не өтпеді? «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тоз-тозды айтпағанда өткен ғасырдағы ұлы жұт, сұмдық ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс ұлтымызды жер бетінен жойып жіберуге шақ қалған жоқ па? Сондықтан, біздің мақсатымыз – көбею. Отыз миллионға жетсек деп армандаймын», – дейді Айбарыс ұлдың әкесі.

Мектеп бітірген соң көлік академиясын бітіріп осы салада еңбек етіп келе жатқанына 10 жылдан асқан жастың арманы отандық теміржол саласының дамуы мен өркендеуіне үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдыру. Өмірлік ұстанымы: «Бір сағат кем ұйықтасаң, бір сағат артық еңбек етесің». Арыстан шыққан атақты теміржолшы-жерлестері, Социалистік Еңбек Ері Әуезхан Салықбаев пен Сырлыбек Байжановты үлгі тұтады. Хоббиі – футбол, сүйікті сериалы – «Тақтар таласы». Бас инженер мекемеде еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мен техникалық аппараттардың мүлтіксіз жұмыс істеуін қадағалап, жаңа заманға сай микропроцессорлық қондыр- ғыны енгізуде бар күш-жігері мен білімін жұмсап еңбектенуде. «Үздік маман» атануы да тынымсыз адал еңбегінің нәтижесі екені анық. Мейіржан тәуелсіз елдің кез келген азаматы азаттықты бағалайтынына сенімді.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты