Маңғыстау теміржолының ардагері Қожахмет Уәзір тәуелсіздік күнімен құттықтады
ҚТЖ келбеті
16.12.2021, 09:36
Қожахмет Уәзір, Маңғыстау теміржолының ардагері
- Биыл тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы. Біз бұл күндерге оңайлықпен жеткен жоқпыз. Егемендік алған жылдары Маңғыстау жол дистанциясын басқардым. Алғашқы жылдары ел қатары барлық қиыншылықтар теміржолшылардың да басынан өтті. Ақшаның тез құнсыздануы, ұжымшарлар тарап кетуі халықтың тұрмысына қатты әсер етті. Жұмысшылар уақытылы айлық еңбекақысын ала алмады. 5-6 айлап жалақыға қарыздар болдық. Ақшаның орнына заттай есептесуге тура келді. Дегенмен теміржолдың артықшылығы дейміз бе, онда еңбек етіп, жол бойында тұратын халықтың жағдайы өзгелерден тәуір еді. Сондықтан да жұмыссыз қалғандардың көбі бізге келетін. Теміржолшыларда айлық табыстан бөлек көбінде мал шаруашылығы да болатын. Теміржол сол жағынан қолдады. Жем-шөпті өте арзан бағамен жеткізіп беріп отырдық. Ол да көмек. Халық ет, сүт, шұбат, жұмыртқа дегендей басқа да өнімдерін жолдан өткендерге сатып, өзге тамаққа айырбастайтын. Осылай күн көрген қарапайым халық...
Отыз жылдың ішінде Маңғыстау теміржолы үлкен табыстарға жетті. Бейнеуден бастап Маңғыстауға дейін теміржолды күрделі жөндеуден өткіздік. Жаңадан станция, бекеттер, көпір, су өткізгіштер, тұрғын үйлер салдық. Көп өзгерістер болды. Түбек теміржолы бұрын тек Өзен станциясына дейін келетін тұйық жол еді. Өзеннен Түркіменстанға жаңа жол тартылып, өрісі кеңи түсті. Бейнеуден Шалқарға жол ашылды. Ақтауға қосымша Құрық порты салынды. Солардың арқасында қаншама жұмыс орындары құрылды, жаңа елдімекендер пайда болды.
Тәуелсіздікке дейін-ақ, тоқсаныншы жылдары жолдарымыздың жағдайы нашар, тозығы жетіп, жарамсыз күйге келіп қалғанды. Жоғары жағында жеңіл рельстер салынған. Онымен пойызға жоғары жылдамдық беріп, үлкен ауыр құрамдар жүргізу қауіпті еді. Сондықтан Тәуелсіздіктен кейін 2000 жылға дейін біраз бөлігіне күрделі жөндеулер жүргіздік. Р43 рельстерін Р65 түріне ауыстырдық. Ағаш шпалдың орнына бетон шпалдар қойдық. Бірнеше бекет бой көтерді. Оған дейін бекеттер арасы 40-50 шақырымнан еді. 20-25 шақырым сайын бекеттер ашылды. Бейнеуден бастап Маңғыстау станциясына шейін 404 шақырымның ортасында үлкен станцияларымыз Сай-Өтес, Шетпе, Маңғыстаудың аралығында 16 бекет болатын. Арасы қашық болғасын Маңғыстаудан бастап Тамақ, Маната сияқты бірнеше бекет ашылды.
Сай- Өтес станциясымен 9-бекет ортасында пойыздар тоқтаусыз қатынауы үшін қос жолды телімдер салынды. Бекеттердің, станциялардың қосымша жолдары, мысалы Шетпе, Сай-Өтес, Маңғыстау, Бейнеу станцияларының басына бірнеше құрамды қатар қабылдай алатындай жаңа жолдар тартылды. Қысқасы Маңғыстау теміржолы тәуелсіздік жылдары тоғыз жолдың торабына айналды. 2009 жылғы дейін Маңғыстау жол дистанциясын басқарсам, Маңғыстауда магистральдық желі қосалқы бөлімшесі ашылғасын оны басқарған мен осы жұмыстардың бел ортасында жүріп, егемен еліміздің дамуына өз үлесімді қосқанымды мақтаныш етемін.
Тәуелсіздігіміз мәңгі баянды болсын!
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды