Ақтөбе темір жолының ардагері Қанат Әлмаханов қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады
ҚТЖ келбеті
16.12.2021, 09:40
Қанат Әлмаханов, Ақтөбе темір жолының ардагері
Ұлттық компания үшін теміржол экономикасының негізін құрайтын локомотив шаруашылығының маңызы зор. Тәуелсіздік алған жылдары мен Батыс Қазақстан темір жолының локомотив шаруашылығын басқардым. Одақ тарап, ортақ мүлік бөліске түскенде бізде қалған қор жыл сайын жаңартылып тұрмағасын тез тоза бастады. Локомотив болмаса бүкіл темір жолдың жұмысы қараң деген сөз. Не істеу керек, тығырықтан жол тауып, бірінің бөлшегін біріне салып, неше түрлі амал жасадық. Ол кезде Батыс Қазақстан темір жолының қарамағында 15 локомотив депосы болатын. Бес облыс бір жерден басқарылды: Ақтөбе бөлімшесінде бес локомотив депосы, Атырауда - төртеу, Қызылордада - төртеу, Оралда екі локомотив депосы болды. Сол жылдары шетелмен байланыса бастадық. Елбасының қолдауымен Америкадан дизель алуға келісім шарт жасалды. Алматыдан , Ақтөбеден мамандар Америкаға аттанып, техникасымен таныса бастадық. Қазалы локомотив депосы директорының жөндеу жөніндегі орынбасары Балымов Ахметбек есімді азамат бастаған топ Америкаға арнайы барып, шетелдік техниканы меңгеру жолын үйреніп қайтты. Кейін олар Америкадан келген дизельдерді біздің тепловоздарға орнатты. Есімде, сол кезде 202 дизель келді. Жаңадан келген нәрсені таңсық көріп, бұл қалай болады деп алаңдағанымаз рас. Бірақ бәрі ойдағыдай шықты. Ақтөбе локомотив депосының базасы америкалық дизельді алғаш қолданғандардың бірі. Бірінші сол елден оқып келген мамандар меңгеріп, кейін олар слесарларға үйретті. Осылайша, жетістікке жеткеніміз сонша, ол дизельдерді өзіміз жөндейтін болдық.
Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістігіміздің бірі осы болды.
Сол жылдары локомотив шаруашылында алты депоның күрделі жөндеуден өтуі де үлкен жұмыс еді. Олар: Ақтөбе, Орал, Шалқар, Қазалы, Қызылорда, Жем деполары.
1997 жылы ҚТЖ құрылып, оны ең бірінші Мырзахметов Абылай есімді азамат басқарды. Батыс Қазақстан, Алматы, Семей теміржолдары бір жерден басқарылды. Локомотив шаруашылығында көп өзгерістер болды. Бұрын 90 шақырымнан кейін демалыс жасап, бригадалар ауысатын еді. Екінші жол салынған соң 180 шақырымнан кейін бригада ауысатын болды. Мысалы, жолаушылар тасымалы бұрын Шалқарға дейін қатынаса, енді Жем мен Сексеуілге дейін қатынайтын болды. Бүгінгі кезде Ақтөбе локомотив депосы Оралға дейін , Әйтеке биге дейін қатынап жатыр. Шұбар локомотив депосы Мақатқа дейін қатынайды. Мұның бәрі екінші жолдың пайдасы. Осылайша, жүріс жылдамдығы артты. Бұрын 90 шақырымды 12 сағат жүретін болса, қазір 180 шақырымды 6-8 сағатта жүріп өтеді.
Биыл тәуелсіз ел атанғанымызға 30 жыл. Тарихтан сабақ алып, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтайық. Барлық отандастарымның, теміржолшылардың отбасына амандық тілеймін.
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды