Құрметті теміржолшы өмірден өтті

ҚТЖ келбеті
08.02.2022, 13:00
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді қазақ даналығы. Бұл сөзді кеше ғана жер қойнауына табыс етілген Ермекбай Рысқалиев ағамызға арнап айтсақ жарасар еді. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС зейнеткері, «Құрметті теміржолшы» Ермекбай Сапанұлы 2022 жылдың 29 қаңтарында 74 жасында ауыр науқастан дүниеден озды.

Бірақ, оның артынан жақсы істері, басшы болып тұрған кезінде жұртқа жасаған қамқорлығы естелік боп ел есінде қалды. Адамның құны осындай ізгі істерімен бағаланса керек.

Ермекбай Рысқалиев – бұрынғы Гурьев облысы Теңіз ауданы Приморье ауылының тумасы. Еңбек жолын 1973 жылы Ганюшкино станциясында СПК разъезд атқышы болып бастаған ол, бір жылдан соң осы команданың бөлімше басшысы қызметінің тізгінін алады. Ал араға екі жыл салып, өрт сөндіру бөлімі бойынша команда бастығының орынбасары қызметіне тағайындалады. 1978 жылы өз ісіне мығым, алғыр азаматқа Батыс Қазақстан темір жолының Гурьев әскерилендірілген теміржол күзеті жасағының бастығы қызметі сеніп тапсырылды. Ол осы қызметін атқара жүріп, Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және қоғамтану мамандығы бойынша тәмамдайды. Ал еліміздегі үш темір жол басқармасы біріктіріліп, «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорны құрылған сәтте, білікті басшыға Ақтөбе филиалы бастығының Атырау аймағы бойынша жасағының орынбасары болып қызмет ету жауапкершілігі жүктеледі. Бұл міндетті абыроймен атқарған кәсіби маманның 2005 жылы Атырау теміржол күзеті «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ-ның филиалы болып өз алдына шыққанда, оның директоры болып тағайындалуы заңдылық еді. Зейнетке шыққанша осы қызметте еңбек етіп, ұжымында білім-біліктілігімен, адамгершілік қасиетімен сыйлы болған азамат үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің үлгісін көрсете білді. Қызметкерлеріне ағалық ақыл-кеңесін айтып, қамқорлық танытты, қолдан келген көмегін аямады, ұжымның ұйымшыл болуына ұйытқы болды деп еске алады әріптестері.

КСРО Жол қатынастары министрінің және Батыс Қазақстан темір жолы бастығының атаулы сағатымен, «Әскерилендірілген күзет үздігі» төсбелгісімен марапатталған Ермекбай Сапанұлы 1998 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін алды. «Қазақ теміржолының ардагері» атанды. «ӘТЖК – 90», өткен жылы «ӘТЖК – 100 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды. Ал 2016 жылы «Еңбек ардагері» медалін төсіне тақты. 2012 жылы құрметті демалысқа шыққан Ермекбай Сапанұлы ұл-қыз өсіріп, немерелерінің қызығын көріп, өмірінің соңғы күніне дейін елдің сый-құрметіне бөленіп өтті. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын демекпіз.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті