Темір жол мен кәсіподақта жарты ғасыр еңбек еткен майталман 70 жасқа толды

ҚТЖ келбеті
18.02.2022, 11:58
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолдағы байланыс саласына өмірінің 40 жылын, ал кәсіподақ жұмысына 10 жылдан көп уақытын арнап келе жатқан Құрметті теміржолшы Мәлік Әбілпейісов 70 жасқа толып отыр. 2015 жылдан бері «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның «Транстелеком» АҚ филиалындағы төрағасы болып еңбек ететін теміржолшы қажырлы еңбегі арқасында тағылымды ғұмыр кешіп келеді.

Екатеринбург қаласындағы Орал жол қатынастары мемлекеттік университетінде «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша білім алған Мәлік Әбілпейісов 1952 жылы Алматы облысы Көкжиде ауылында дүниеге келіпті. Еңбек жолын 1973 жылы Қызылорда жол бөлімшесінде АЛСН электр механигі болып бастаған. Қызмет баспалдағында қарапайым теміржолшыдан кәсіби білікті басшылық жұмысқа дейін көтерілген ол Сыр теміржолында аға электр механигі, аға инженер, телім бастығы болып еңбек етті. Батыс Қазақстан темір жолының Илецк белгі беру және байланыс дистанциясында бас инженер болды. Сосын дистанция басшысы қызметіне көтеріледі.

1990 жылы Орал жол бөлімшесіне ауысып, техникалық бөлім бастығы, азаматтық құрылыстар бөлімі бастығы, бөлімше бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. 1998-2005 жылдар аралығында «Батыстрансгаз» ААҚ байланыс бастығы, бас энергетигі, «Метан» ЖАҚ техникалық директоры болып қызмет атқарды. 2005 жылдан бастап «Транстелеком» АҚ Ақтөбе филиалында Орал байланыс торабын басқарды, «Ақтөбетранстелеком» филиалының басқарушы директорының орынбасары болса, екі жылдан соң басқарушы директоры болды. Сол жылдары оның басшылығымен Қандыағаш-Атырау, Ақтөбе-Озинки телімінде талшықты оптикалық байланыс желісінің құрылысы және филиалдың телекоммуникациялық кешенін жаңғырту бойынша орасан зор жұмыс жүргізіледі.

– Өз жұмысына, берілген міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарайтын жан. Тиянақты, бастамашыл қызметкер, білікті басшы ретінде өзін дәлелдеген ол кәсіби тәжірибесі мен еңбек әлеуетін тиімді пайдаланады. Ұжымда талапшыл, өз көзқарасын қорғай алатын, әрі үнемі ізденісте жүретін азамат. Ұжымда беделге ие мұндай қызметкерлермен кәсіподақ қызметі де жанданатыны белгілі. Мерейлі жасқа жеткен әріптесімізге ұзақ өмір, мықты денсаулық, жұмыста табыс тілейміз, – деп жүрекжарды тілегін білдірді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев.

Мәлік Әбілпейісов теміржол саласына сіңірген еңбегі үшін 2009 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен, 2014 жылы «Үздік байланысшы» атағымен, ал 2013 жылы «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен марапатталған. Үш қыздың әкесі, алты немеренің атасы болып отырған үлкен шаңырақтың отағасы өзін өмірде жолы болған бақытты жан санайды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті