Шиелі вокзалындағы қызметкерлердің дені қыз-келіншектер

Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстық сәулетпен салынған шырайлы Шиелі вокзалы тәулігіне екі жүзге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Станцияға аялдайтын 11 жұп пойызынан түскен-мінген жолаушылардың сұранысын қамтамасыз етіп отырған вокзал ұжымының денін қыз-келіншектер құрайды.

Вокзал бастығы Алмат Досымов қызметкерлерінің басым бөлігі жолаушы қызметіне төселген, он-жиырма жыл, одан да көп тәжірибесі бар нағыз кәсіби мамандар екенін мақтанышпен жеткізді.

– Шиелі вокзалы – аймаққа алғаш теміржол келген сонау өткен ғасырдың 1903-04 жылдары іргесі қаланып, пайдалануға берілген тарихи нысан. Әлі күнге сүйегі мықты ғимарат, белгіленген уақыттарда күрделі жөндеуден өткізіліп тұрады. Оның толық күтімін жасап, жолаушыларға қызмет көрсетіп отырған әріптестерім Нұргүл Жанәділова, Гүлнар Нұрбаева, Гүлжанат Палманова, Қаншайым Елеуқызы және Гүлнар Құдайбергеновалардың қай-қайсысы да өз жұмыстарын кәсіби деңгейде меңгерген тәжірибелі жандар, – дейді вокзал бастығы Алмат Досымов.

Әне, анықтама беру қызметіндегі кезекші Гүлзира Палымбетова дауыс зорайтқыш арқылы бірінші жолға жолаушы пойызы келетінін хабарлап жатыр. Ал вокзал бастығының кезекші көмекшісі Бибігүл Сұлтанбайқызы күтіп алушы, шығарып салушы халықтың өтініш-тілегіне орай жұмысты үйлестіріп жүр. Пойыздан түсетін немесе мінетін жолаушылар арасында бөгде адамның көмегіне мұқтаж жолаушы болған жағдайда қажетті көмек көрсетуге лайықты жағдай қарастырылған. Карантиндік шектеу талаптарына сай бетперделі режим қатаң талап етіледі. Перизат Тасқынбаева мен Гүлайым Рахметова ғимараттың санитарлық, гигиеналық тазалығына жауапты болумен қатар олардың осы талаптарды қатаң сақтауын да назарда ұстайды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда