Ақтөбелік электромеханик әріптестерімен бірге күніне 400-ден астам релені жөндейді

Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Мейрамгүл Ақтаева – Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясының тәжірибелі электромеханигі. Ол магистральдық желідегі әрбір реленің мүлтіксіз жұмыс жасауына жауапты. Ал желідегі реле ақауын анықтап, оны асқан шеберлікпен жөндеу – инемен құдық қазғандай өте күрделі жұмыс.

Дистанцияда 30 жылдан аса уақыт еңбектеніп келе жатқан кейіпкеріміз өзін кейде ота жасайтын емші дәрігерге, енді бірде инемен кесте тіккен қолөнершіге ұқсатады. Көз майын тауысып, тоқ көздері талшықтарының мінсіз қызметін бақылап, ақау шыққан релелерді зауыттан шыққандай қайта жасап шығару арқылы теміржол бойындағы сигналдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып отырғанын мақтаныш та етеді.

«Жұмыс таңертең келгенде құрал-сайманды түгендеуден басталады. Олардың залалсыздандырылғанына көз жеткізуге тиіспіз. Әр деталь электр тоғымен байланысты. Тоқ өлшегіштердің ақаусыз жұмыс жасап тұрғанын, әр реленің оған қосылып тұрғанына көз жеткіземіз. Техникалық процесс талабында әр реленің өз мөлшері жазылған. Сол тәртіп сақталу керек», – дейді бұрағыш, қысқыш, тоқ өлшегіш құрал-саймандарды кезек алмастырып, алдында шашылып жатқан релені жинап отырған кейіпкеріміз.

Дистанцияның кең де жарық шеберханасында қаз-қатар отырған он шақты қыз-келіншек жоспарға сәйкес айына 400-ден аса релені жөндеп дайындайды екен. Әр реленің өз уақыты бар. Жарамдылық мерзімі біткендерін осында әкеледі. Электромеханиктер оларды ашып, барлық бөлшектерін шашып қарайды, ақауын жөндеп, алмастырып, зауыттан қайта шыққандай етіп жасап шығарады. Яғни, оларға екінші өмір сыйлайды. Әр реленің ерекшелігіне орай мм өлшеммен қаралады. Ең үлкені – 16 келі. Оны ашып-жинап, көтеріп тазалап, компьютерге қою – нәзік әйел затына тіпті де оңай емес. Десе де, көп дистанцияда осы жұмысты атқаратындардың дені әйелдер екен.

«Біздің жұмыс үшін зейнетке 63 жаста шығу өте қиын. Қазірдің өзінде кейбіріміз көзіміз дұрыс көрмей, күш-қайратымыз да қайтып жатқаны жасырын емес. Ал жауапкершілік өте үлкен. Инедей қателік орны толмас апатқа әкелуі мүмкін. Бағдаршамда қызыл жанудың орнына жасыл жанып тұрса, не болатынын ойлап көріңіз. Сондықтан әйелдерге 58 зейнет жасын қайтару мәселесін Үкімет қайта қараса дегенге біз де қосыламыз», – дейді Мейрамгүл Ақтаева.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті