Аягөздік Мәриям Базарбаева 30 жылға жуық жол диспетчері қызметін абыроймен атқарып келеді

Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз жол дистанциясында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әйелдер баршылық. Жиырмадан аса қыз-келіншектердің арасында жол диспетчері Мәриям Базарбаева секілді өз ісінің нағыз маманы атанғандар да аз емес.

Аягөздегі әйгілі Базарбаевтар династиясының келіні Мәриям Мейрамқызын жолшылар ұжымы ең алдымен сауатты да кәсіби қызметі үшін құрмет тұтады. Келесі жылы осы мекемеге қызметке келгеніне 30 жыл толатын теміржолшымен жол шеберлері мен бригадирлер ақылдасып,санасып отырады.

– Біздің Аягөз өңіріндегі жол шаруа- шылығы басты рөл атқарады. Дистанция қарамағындағы Ақтоғай-Аягөз-Жарма телімдері арасындағы 225 шақырымдық бас жолды жылдың төрт мезгілінде де көзден таса қылмай қадағалаймыз. Оның үстіне бұл телімдерде пойыз қозғалысы аса жоғары. Мәселен, тек станция басындағы жол машиналарының жұмысын реттеудің өзі бізге үлкен күш түсіреді, – дейді Мәриям Мейрамқызы.

Қос бағытта қызмет көрсететін аягөздіктер үшін жол шаруашылығының өзіндік қиындықтары бар. Екі тараптағы диспетчерлерге тиісті жауап қайтару, ахуалға байланысты өкім беру, пойыздардың келу-кету тәртібін бақылау, машинистерді ескертулермен құлақтандыру сынды аса жауапты жұмыстарды үйлестіріп отыру – диспетчер Мәриям апайдың жұмысы.

Оның кабинетінде тұрған алып тәуліктік экранға қарап, ПЧ-42 мекемесінің қызметтік картасын көргендей боласыз. Үстел үстіндегі қос телефонға да тыным жоқ.

– Менің жұмысым көп қырлылығымен ерекшеленеді. Бір мезгілде барлығына үлгеруің қажет. Бір уақыттың ішінде бірнеше телефонның тұтқасын қатар ұстайтын кездер болады. Тиісті өкім беріп, басшылықтан тапсырмалар қабылдаймыз. Жолдағы қозғалыс та назарда болуы тиіс. Қысқасын айтқанда, Аягөз жол дистанциясының тәулік бойғы жұмыс барысы толықтай көз алдыңда тұрады. Шұғыл шаралар қабылданатын мезеттер де болады. Қызмет барысының толық үйлесім табуы біздің еңбегімізге тікелей байланысты, – дейді табиғатынан елгезек Мәриям Базарбаева.

Мәриям апай династиялық әулеттің үшінші буын өкілі болып саналатын өмірлік серігімен екеуі үйдегі дастархан басында да қызмет барысын ортақ әңгіме ететіндіктерін жасырмайды. Жұбайы Құмар Базарбаев Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесінде тепловоз машинисі болып ұзақ жылдан бері еңбек етеді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті