Қазақ әйелінің қайсар болмысы

Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Қазір мүмкіндіктер заманы. Сондықтан кез келген әйел заты өзіне сенімді болса, ең қиын деген мамандықты да меңгере алады. Бүгінде бизнес пен саясаттан бөлек, қаржыгер, ұшқыш, полицей, ірі жүк көлігін жүргізуші, теміржолдың қиын да күрделі саласын меңгерген әйелдер ешкімді де таң қалдырмайды.

«Қазақстан темір жолы» компаниясында ер азаматтармен қатар тер төгіп жүрген әйелдер үлесі қомақты. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Шымкент жол бөлімшесіне қарасты Арыс жол дистанциясының жол монтері Бүбісара Тұрдықұлова. Кілең ер азаматтардан құралған ұжымда өзіне жүктелген міндетті еш ауырсынбай атқарып жүрген осынау қайратты жанның жолшының қайласын қолға ұстағанына 33 жыл болыпты.

– Қыз-келіншектерді жол монтері болуға ешқашан шақырмас едім. Өйткені бұл әйел адамға тән емес ауыр жұмыс. Оның үстіне бүгінгі таңда әйелдерді ауыр жұмыстан бостау жайлы үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, өндірісте әйелдер саны әлдеқайда азайған. Ал мен 1988 жылы жол монтері болып жұмысқа кіргенмін. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Ол кезде өз мамандығыммен жұмыс табыла қоймады. Сосын тағдыр айдап жол саласына келдім. Қыстың суығына тоңып, жаздың аптап ыстығында күйіп, түзде жүріп осы кәсіптің барлық қиындығын бастан кештім. Кейін дистанция басшылығының жеңіл-желпі жұмысқа ауысу жайлы ұсынысын қабыл алмай, осы орнымда қалуды жөн көрдім. Жұмысқа үйреніп кеттім, ең бастысы үйренген ұжымым ұйымшыл, олармен бірге жұмыс істеген қызық, – дейді жол монтері.

Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Бүбісара Тыныштыққызы 2020 жылы 8 наурызда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Төрт баласын жалғыз өсіріп жеткізіп, аяқтан тұрғызған жесір ана – парасатты, қайратты да төзімді барша қазақ әйелдерінің жиынтық образы сынды.
«Жұмақ – ананың аяғының астында» деседі, ендеше қаһармандықтың жарқын үлгісі Бүбісара анамыз аман болсын!

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады