Теміржолшылар әулетіне - 810 жыл

ҚТЖ келбеті
16.03.2022, 16:11
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр бойында бір атақты теміржолшылар династиясы тұрады. Биыл Бадырақ атадан тараған ұрпақтың теміржол саласында еңбек еткен жылдарын, яғни отызға жуық адамның еңбек өтілдерін жинақтап қосқанда 810 жылды құрап отыр екен. Бұл Бадырақ атадан тараған қос ұлдан тараған немере-шөберенің еңбек өтілі.

Үш жүзге пір болған қасиетті Марал ишанның қадірменді қалпесі атанған бұл әулеттің арғы аталары Қарақозыдан 4 бала өрбіген екен. Бадырақ пен Баеке Сырбойында өмір сүрсе, Тәшімбет пен Есжан қырда мекен еткен. Бадырақ бабамыздың темір жол саласына келуі жайлы мынадай дерек бар. Ол кез-Сыр өңіріне алғаш темір жол құрылысы салынып жатқан уақыт болса керек. Бадырақ атамыз қырдағы туыстарына барып амандық біліп, ағайындарын аралап арбаға қос-қос түйе жегіп елге келе жатса, қазіргі Кемесалған бекетінің тұсында сары шашты, көздері көк, бұрын соңды бұл маңнан көрмеген кісілер алдынан шығады. Олардың шүлдір-шүлдір әңгімесінен Ақтөбеден бері қарай теміржол салып жатқан орыстар екендігін, бұл кісінің түйелерін көріп, жол құрылысы жұмысына көмектесуін өтінгенін байқайды.

Алғаш рет теміржол құрылысын салып жатқан орыстарға алты ай бойы түйелерімен жолдың сай жеріне құм тасып, топырақ төсеп, биік жерін тегістеп көмектескен Бадырақ ата кейін теміржолдың белді құрылысшысына айналады. Осы кезде әкесі Бадыраққа қолқанат боп жүрген қос бүлдіршін Әуез (1909 жылы дүниеге келіп, 1927-1950 жылдар арасында Абыла бекетінде теміржол мастері болған) бен Әбілтай (1913 жылы туылып, 1927-78 жылдары Қызылтам станциясында вокзал бастығы болған) есейгенде әке жолын жалғастырып, теміржол саласына машықтанып, бригадир, шебер, станция бастығы қызметтерін адал атқаратынын ол кезде кім болжаған...

Бүгінде Бадырақ атадан тараған ұрпақ ата жолын абыроймен жалғастырып келеді. Әулет мүшелерінің ішінде еңбектері еленіп, «Құрметті теміржолшы» атанып, мемлекеттік марапаттарға ие болғандар да бар. Жалпы қазіргі таңда атамыздан тараған ұрпақтардың ішінен отыз шақты адам темір жолдың түрлі саласының еңбеккері атанып жүр. Атамыздың кәсібін жалғастырып келе жатқандардың ішінде төртінші ұрпағы - Салтанат Мұратқызы Әбілтай «Тальго» пойызының жолсерігі.    

Бадырақовтар әулеті жұмыс барысында қатаң тәртіпті ұстанып, өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Абыройдың еңбекпен келетінін жақсы ұғынады. Теміржолдың темірдей тәртібімен тәлім алған әулеттің қатаң ұстанымының арқасында еңбек адамына жасалған барлық мүмкіндіктер еңбек династиясының күнделікті тіршілігінде компасы іспетті. Барлығы тәртіппен, әулеттің ұстанымын бұлжытпай орындауға күш салады.

-Бабаларымыздың салып кеткен күре жолы бүгінде біздер үшін үлкен даңғылға айналып біздің әулет теміржол саласында еселі еңбек жасап келеді. Біздің әулеттің мүшелері қазіргі таңда Бадрақовтар әулетінің 30-ға жуық мүшесі Қызылорда, Нұрсұлтан, Ақтөбе бөлімшелерінде жұмыс жасап жүр. Әулет мүшелерінің түгелі ата жолын жалғастыруға, яғни әбден теміржол саласына бейімделіп мамандық таңдарда осы саланы таңдауға басымдық беретіні біздердің ата кәсіпке адалдығымыздан деп білемін,-дейді Қызылорда жол дистанциясының инженері Майра Бадрақова.


Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда