85 жасқа толған қарт теміржолшы Абай облысының ашылғанына дән риза

ҚТЖ келбеті
28.03.2022, 15:58
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Мамандыққа деген шексіз сүйіспеншілік адамды қашанда абырой биігіне көтереді. Жігерлі жастық шағы мен өмір бойғы қажыр-қайратын теміржол саласына арнап, үлкен сый-құрметке бөленген ардагерлер аз емес. Солардың қатарында семейліктер үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ консультативтік кеңесінің мүшесі, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітовтің орны бөлек.

Қырықбай Әлсейітұлы – Түрксіб құрылысшылары тұрғыз- ған, теміржолшылар қаласы атанған Аягөздің тумасы. 1937 жылдың 25 наурызында өмір есігін ашыпты. Ал, 1954 жылы орта мектепті тәмамдаған соң сол тұстары күллі одақ көлемі бойынша іргелі оқу орны саналатын Ташкенттегі теміржолшылар институтына оқуға түседі. 1959 жылы оны үздік бітіріп, Аягөз локомотив депосында еңбек жолын бастайды. Өндірістегі өнімді еңбегі мен алғырлығы оны лауазым баспалдақтарымен алға бастайды. Арада көп уақыт өтпей-ақ, Қырықбай Әлсейітұлы Шар локомотив депосының басшысы болып тағайындалды. Бұл кезде ағамыз небары 25 жаста еді. Аз уақыт ішінде тәжірибе жинап, басшылық сеніміне ие болу оңай шаруа емес. Дегенмен, жігерлі жас үмітті ақтай білді. Бүгінде осы станцияның қарт теміржолшылары Қырықбай ағамыз атқарған шаралар жайлы тамсана айтып береді. Сіңірген еңбегіне орай Шар қаласының Құрметті азаматы атанды.

Қырықбай Әлсейітов сол жылдары өндірістік эстетика бойынша елеулі жұмыстар атқарады. Теміржолшылар клубын салып, жұмысшылар игілігі үшін жаңадан цехтар, асхана ғимаратын тұрғызуға мұрындық болды. 1930 жылдары салынған ескі нысандарды қайтадан күрделі жөндеуден өткізіп, теміржолшылар игілігіне берді.

1966 жылы ағамызды сол тұстардағы Гурьев облысындағы Мақат локомотив депосының басшысы болып тағайындалды. Елдің батысындағы бұл станцияға қатардағы теміржолшылар былай тұрсын, мықты деген мамандар басшылық қызметке баруға жүрексінетін еді. Шөлейтті, тұрмысқа қолайсыз өңірдегі еңбек те өте ауыр болатын. Мақат-Маңғышлақ-Жаңаөзен, Гурьев-Ганюшкино-Ақсарай аралығындағы 9 пунктті локомотив шаруашылығымен қамтамасыз ету осы депоға жүктелген болатын. Ұзындығы 705 шақырым болатын Мақат-Ақтау аралығындағы жолдың жауапкершілігі де оңай жүк емес еді. Сол жылдары Маңғыстау түбегінде уранның мол қоры, мұнай минералдары игеріліп жатқан болатын. Жаңадан ашылған кеніш көздеріне тартылған теміржол желілерінде тәулік бойы қозғалыс қауырт болды.

«Жас келсе – іске» деген нақылды жадына тоқыған Қырықбай Әлсейітұлы мұнда да іске білек сыбана кірісті. Шағын ғана түтіні бар Мақат станциясына 1 500-дей маманды жұмысқа тарту қажет болды. Теміржолшы кадрларды Ресей, Украина мен Белоруссиядан шақырды. Бұрындары Шу локомотив депосында аға мастер болған Георгий Авдеевич Заварзинді бас инженер етіп алды. Мақат аудандық партия комитетінің ұсынысымен Өтежан Қазымбаевты кадр бөлімінің бастығы етіп тағайындады. Шар станциясындағыдай күрделі құрылыс нысандарын салуды Мақатта да жалғастырды. Үлкен қазандықты депоның теңгеріміне алып, қайта жөндеп қолданысқа берді. Жүктелген сенім мен артылған тапсырма орындалып жатты.

Бұл Қырықбай Әлсейітұлының біз білетін қайраткерлігінің тек бір парасы ғана. Сол тұстардағы Гурьев, бүгінгі Атырау жол бөлімшесінің бас инженері, Семей жол бөлімшесінің бас инженері болып қызмет еткен шақта өндірістің өрге басуы мен тепловоз шаруашылығының өркендеуіне қосқан үлесі зор екенін көз көргендер айтады. Мәселен, Аягөз локомотив депосында қосымша цех салдырып, Мәскеу жоспардан шығарып тастаған ғимаратты үлкен қазандыққа айналдырғаны неге тұрады?! Сағатына 22 тонна бу бере алатын, күші жоғары бұл қазандық игілігін тек теміржол ғана емес, қала халқы да көре алды.

«Еңбек ер атандырады» деген сөз бар, сондықтан да болар, Қырықбай Әлсейітов – басшылық құрметіне көп кенелген теміржолшының бірі. «Құрметті теміржолшы» белгісінен бастап, «Адал еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Құрмет белгісі», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «КСРО теміржолына 150 жыл», «Қазақстан теміржолына 100 жыл», тағы басқа толып жатқан Құрмет грамоталары мен еңбек кітапшасына жазылған алғыстар тарлан теміржолшының ерен еңбегінің айғағы емей, не?!

Еңбексіз отыра алмайтын Қырықбай Әлсейітұлы бүгінде тек Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ғана емес, күллі Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы бойынша да қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ төрағасы жанындағы консультативтік кеңес мүшесі, Семей жол бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қажырлы жұмыс жүргізуде.
Биылғы наурыздың ардагер ақсақал үшін орны бөлек. 85 жастың асқаралы асуына шығып отырған қадірменді қария Семейдің Абай облысы болып қайта ашылғанына бек қуанышты екенін жеткізді.

«Үй маңында төбе болса – ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген бұрынғылар нақылы осындайда еске оралады. Өмірден көргені көп, түйгені мол «дария кеуде, тау мүсін» осындай қарттарымыз арамызда ұзақ жүрсін...

Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды