Қазалы вагон пайдалану депосының ұжымы екі бірдей майталман маманды зейнет демалысына шығарып салды. Бар саналы ғұмырын депоның өркендеуіне жұмсаған Ізбасхан Құдайбергенов пен Тарғын Орымбаев – қандай құрметке де лайық жандар.
Темірдей тәртібі мен қатаң талабы қатар жүретін теміржол саласында 45 жылдан аса еңбек еткен Тарғын да, Ізбасхан да депо тарихында өз қолтаңбаларын қалдырғаны сөзсіз. Екеуі де бекер «Кәсібі бойынша үздік» атанбағаны да белгілі.

– Біздің қос әріптесіміз – Қазалы вагон пайдалану депосының өсіп-өркендеуіне қолдан келгенше атсалысқан азаматтар. Сонша жылғы ақ-адал еңбектеріңіз бен кейінгі буын жастарды баулып, тәрбиелеудегі тәлімгерліктеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Төккен терлеріңіз бен бейнеттеріңіздің енді тек зейнетін көріңіздер. Қырық жыл сыйласып жұмыс істеген ұжым сіздерді қимастықпен зейнетке шығарып салып отыр. Шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, өздеріңізге ұзақ ғұмыр тілейміз, – деп ұжым атынан қос ардагерге ақ тілегін жеткізген депо бастығы Арғын Орымбаев олардың иығына жауып, құрмет көрсетті.
Бүгіннен бастап зейнеткерлер қатарын толықтырған қос азамат та ұжымдастарына алғыс айтып, ендігі жерде өздері баулып өсірген жастарға, сенім артатындарын жеткізді.