«Болашақ» түлегі серверлік инфрақұрылымды дамыта түсуді көздейді

ҚТЖ келбеті
15.04.2022, 09:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Болашақ» бағдарламасының тағы бір түлегі теміржолда жемісті еңбек етіп жүр. Ол – «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Айзек Жұпанхан.

Отыз екі жастағы Айзек 2008-2013 жылдар аралығында Джордж Вашингтон университетінде электроника/электр технологиясы мамандығына оқыған. Еңбек жолын Назарбаев университетінде бастаған. Ал Қазақстан темір жолында 2019 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазір ол инфрақұрылымды дамыту блогын басқарады.

– Нақтырақ айтқанда, телекоммуникация және байланыстың, серверлік инфрақұрылымның дамуына жауап беремін. Бүгінгі таңда цифрландыру саласы қарқынды дамып жатыр. Біздің АСОУП, АС ИОММ, АСУ ДКР сияқты негізгі ақпараттық жүйелеріміз жаңғыртуды қажет етеді және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін желілер мен есептеу ресурсын жетілдіру қажет. Сонымен қатар бізде қазір АСУ ЭДТ, АСУ Магистраль жүйелері бар, ал Trip Optimizer жүйесі әлі енгізіліп жатыр, – дейді өзінің бүгінгі жұмысымен таныстырған Айзек.

Оның айтуынша, филиал қазіргі уақытта аталған жүйелерді одан әрі дамыту бағытында жұмыс жүргізеді, себебі олардың әлеуетін толық пайдаланып жатқан жоқ. Мәселен, локомотивтерді қадағалауға арналған GPS модулі есебімен олар жолаушылар пойыздарын қадағалау сервисін енгізуді жоспарлап отыр, яғни құрамның нақты келу және кету уақытын бақылайды.

– Жалпы алғанда «Болашақ» бағдарламасы менің алдымнан үлкен мүмкіндіктер ашты. АҚШ-та өткізген бес жылда мен тек кәсіби білім алып қана қоймай, сонымен бірге тиімді жұмыс жүргізуге қажет басқа да машықтарды меңгердім. Ал ҚТЖ-да командамен бірге еңбек өнімділігін арттыру және шығындарды қысқарту бағытында қызмет етуге жұмылып, сол салада тәжірибе жинақтап жатырмын, – дейді ол.

Серверлік инфрақұрылымды дамытуға байланысты Айзектің алға қойған арман- мақсаты аз емес. Бүгінгі таңда оның командасы қолға алып отырған жоба – компанияның ішкі және сыртқы, яғни батыс Қытай-батыс Еуропа бағытында транзиттік жүк жіберетін клиенттер үшін жүктерді қадағалау сервисін жасап шығару. Қос құрлықтың арасында өсіп келе жатқан контейнерлік тасымалды сапалы сервиспен қамтамасыз етуді басқа емес, Қазақстан темір жолы ұсынса деп армандайды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті