Астанада бір слесарлар бригадасы оншақты тепловозға қызмет көрсетеді

ҚТЖ келбеті
08.06.2022, 10:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Локомотив пайдалану деполарында ТҚК-2 сервисін көрсететін слесарьларды тепловоздардың «жан дүниесін» танитын мамандар десе болады. Олар ақауды анықтаумен қатар ұсақ-түйектерін өздері жөндей береді. Сондай қызметтің басы-қасында жүрген тәжірибелі теміржолшылардың бірі – Астана локомотив пайдалану депосының ТҚК-2 ауысым шебері Марат Нұрмағанбетов.

Петропавлда туғанмен елордада теміржол колледжінде білім алып, қазіргі қосында алғаш еңбек жолын слесарь болып бастаған Марат Нұрмағанбетовтің салада жұмыс істеп келе жатқанына биыл 14 жыл. Қарамағындағы 15 шақты слесарьдің жұмысын қадағалап, күніне цехқа «қаралуға» келетін локомотивтердің, соның ішінде негізінен электровоздардың ақауын анықтауда ол ауысыммен жұмыс жүргізеді. Бүгінгі деңгейге жеткенге дейін слесарь ретінде тепловоздардың құрылысын үйреніп, саланы терең меңгерген ол 2015 жылы бригадир болып тағайындалды.

– Біздің жұмыстың ретіне келсек, алып техниканың тежегіш қалпын ауыстырамыз, құм құямыз, майын жаңартамыз, сосын аппарат жағынан, контакт бойынша құрылғыларды тазалап, автоматтардың да ақауы болмауын қадағалаймыз, тартым қозғалтқышын, тағы да басқа бөліктерді қараймыз, күрделі ақау шықса, ТҚК-3,4 сияқты басқа күрделі жөндеу цехтарына акт толтырып, жібереміз. Цехқа күніне шамамен кезекті рейске шыққалы тұрған 10 шақты тепловоз кіреді. Барлық жұмыстың нәтижесі бойынша ауысым соңында депо бастығына есеп береміз. Жұмысымды аса қиын деп айта алмаймын, ал жауапкершілік өте жоғары. Сәйкесінше, жұмыс беруші тарапынан да бізге барлық еңбек жағдайы жасалған, зиянды жұмыс болғандықтан, сүт беріледі, киімдеріміз түгел, жуынып-шайынатын, тамақтанатын орындарымыз керек-жарақпен жабдықталған, – дейді ол.

Теміржолшылар отбасынан шыққан кейіпкеріміз әке-шешесінің жолын қуып, теміржолшы болғанына еш өкінбейді. Өйткені, өз кәсібін жақсы көреді және шебер меңгерген. Оның еңбегі елеусіз қалмай, талай рет құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті