Семейде танымал теміржолшыға ескерткіш белгі қойылды

ҚТЖ келбеті
05.07.2022, 13:57
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінде теміржол саласындағы ерен еңбегімен ел есінде қалған тұлғаларға ескерткіш белгі қою үрдісі қалыптасқан. Бұл жолы аймаққа танымал теміржолшы болған даңқты вагон қараушыға ескерткіш белгі қойылды.

Құрметті теміржолшы, «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Риза Баяхметов ғұмыры ғибратқа толы жан болғанын еске алған замандастары жып-жылы естеліктерімен бөлісті. 

Жергілікті кәсіподақ ұйымының бастамасымен әрі еңбек ардагері туыстарының ұйытқы болуымен құрметті теміржолшы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Шараға бөлімше бойынша салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов, ардагер-теміржолшы Мақсұт Көшжанов және марқұмның көзкөрген әріптестері мен туыстары жиналды. 

Риза Ахмадиұлының салаға сіңірген зор еңбегі жайлы шәкірттері келелі сөз қозғады. Әсіресе, аймақтағы вагон шаруашылығын өркендету жолындағы аңызға бергісіз еңбектерін еске алысты.  

– Күні кеше баршамызға бағыт сілтеп, ұстаз болған аға буын өкілі Риза ақсақал сынды жандардың есімдері кейінгі буын жадынан өшпеуі тиіс деп санаймыз. Олардың еңбектегі жетістіктері, өз қызметтеріне адалдықтары бүгінгі жастарға үлгі, – деп пікір білдірді Семей вагон депосы – ВЧД-23 мекемесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Ертай Темірбеков.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті