Әке жолын қуған ұл

ҚТЖ келбеті
03.08.2022, 10:10
Оқуға 3 мин
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл вагон пайдалану депосының Тараз станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінің шебері Ермек Қилыбаевтың теміржолшы болғанына 42 жыл. Оның соңғы 34 жылын үздіксіз Жамбыл вагон пайдалану депосында өткізіп келеді. Әкесі де теміржолшы, Арыс вагон депосында 39 жыл вагон қараушы болып еңбек еткен.

Бүгінде өз саласының майталманына айналған маман бір кездері әкелі-балалы екеуі бір ауысымға түсіп қатар жұмыс істеген жылдарын еске алады.

–  Мен Арыс қаласының тумасымын. Әкем Боранбекұлы сондағы вагон депосында өмірін өткізген теміржолшы. Жасы қазір 86-да. Ортамызда бәйтерегіміз болып, немерелерінің қызығын қызықтап отыр. 1978 жылы мектеп бітірген жылы мен сол Арыс депосына слесарь болып орналастым. Әкем саланың бүкіл жұмысын қасына ертіп жүріп үйретіп, вагон қараушы болып ауыстым. Сонда ғой, кейде әкелі-балалы болып бір ауысымға түсетінбіз. Ондайда әкем менің әр ісіме сын көзбен қарап, сыртымнан бағып жүретінін байқайтынмын да жұмысқа барымды салатынмын. 1981 жылы Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп келген соң жұмысымды қайта жалғастырдым. Сонда әкем: «Егер қиналсаң басқа саланы таңдарсың. Қазір екі қолға бір жұмыс қайдан болса да табылады ғой» дегенде, «Жоқ, мен де вагоншы боламын, үйреніп кеттім, өзіме ұнайды осында жұмыс істеген» деп қалып қойдым. Отбасындағы бес ұлдың үшеуі – теміржолшымыз. Інім Еркін Арыс қаласындағы локомотив пайдалану депосында машинист болса, кенжеміз Береке әкем еңбек еткен вагон пайдалану депосына қарасты Қазығұрт станциясында еңбек етеді. Мен Таразға 1988 жылы қоныс аударып, содан бері Жамбыл вагон пайдалану депосында еңбек етіп келемін, яғни қосылғыштардың орны ауысқанмен, қосынды өзгерген жоқ, – деп қалжыңдады Ермек Боранбекұлы.

Арыс-Тараз-Шу аралығындағы 500 км жуық жолда вагондардың еш кедергісіз, ақаусыз һәм қауіпсіз жеткізілуіне жауапты – осы тараздық вагон қараушылар. Бұл тұрғыда техникалық қызмет көрсету пунктінің вагоншылары шетінен тәжірибелі, нағыз еңбекте піскен мамандар. Олар үшін айына екі рет өткізілетін техникалық сағатта біліктіліктерін көтеру, жаңа әдіс-тәсілдерді талдау, тың бастамаларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін қарау – өте маңызды. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздіктің алдын алуда барлық нұсқаулықтарды басшылыққа алып жұмыс істеуге дағдыланған. Сондықтан да өндірістегі бақытсыз жағдай, оқыс оқиға дегеннен дін аман. 

–  Әріптестерім де, өз басым да жұмыстың жауапкершілігін түсінеміз. Өңірден өтетін транзиттік, контейнерлік вагондардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақаулығын анықтау, дұрыс диагноз қою – біздің біліктілігімізге сын екенін жақсы түсінесіз. Сондықтан жауапкершілікпен қатар қалт еткенді құр жібермейтін қырағылық та дағдымызға айналған, – дейді Ермек Қилыбаев.

2017 жылы қауіпті ақауды анықтаған Ермек Қилыбаев «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталса, 2020 жылы сала министрлігінің Құрмет грамотасын алды. Қарапайым теміржолшының ақ-адал еңбегі лайықты бағаланып жатса, нұр үстіне нұр емей, не?!   

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды