Сансызбай Беркенов - өндіріс командирі

ҚТЖ келбеті
03.08.2022, 10:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола өңірінің жолшылары арасында Сансызбай Беркеновті білмейтіндер кемде кем. Қырық жылға жуық жол шаруашылығында еңбек көрігін қыздырып жүрген кейіпкеріміз еңбек жолын сонау сексенінші жылдардың басында Құрылыс-монтаждау пойызында жол монтері болып бастаған еді. Қазір Астана жол дистанциясы бастығының  орынбасары. 

Жол машинасы  станциясында монтерден бастап жол шебері, бас инженерге дейін өскен  Сансызбай Беркенов 1999 жылы Атбасар жол дистанциясына телім бастығы болып ауысады. Бұдан кейін Ерейментау жол машинасы станциясын, №25 ПМС мекемелерін басқарып,  жол жөндеу жұмыстарын шебер ұйымдастырушы өндіріс командирі ретінде қалыптасты.  2006 жылдан бастап кейіпкеріміз  өмірін де, еңбек жолын да түбегейлі Астана жол дистанциясымен байланыстырды. Бас инженер, директордың орынбасары, директордың жөндеу ісі жөніндегі орынбасары болды. Өзіне жүктелген жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, сенім үдесінен шыға білген азаматтың біліктілігі мен ұйымдастырушылық қарым-қабілеті  әсіресе, 2017 жылы әлем назарын тіккен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізер алдында «Нұрлы жол» станциясының жаңа жолдарын салып, аз уақытта іске қосуда ерекше көзге түсті.  Сансызбай Елемесұлының жетекшілік етуімен   мердігерлік тәсілмен темірбетонды негізде  5 бағыттағыш бұрма төсей отырып, ранжирлік парктің 3 жолы салынған болатын. 

2021 жылы жазғы жол жұмыстары басталғанда Беркеновтың басшылығымен мердігерлік ұйыммен бірлесе, Қырқыншы-Астана телімі бойындағы III тақ учаскесіне, Астана III айналма жолының бойында ұзындығы 13,220 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Пайдалануға қабылдағаннан кейін жол өлшегіш вагондар мен мобильді-диагностикалық кешендер жүріп өткенде, күрделі жөндеу өткен телімде титтей де ауытқуға және қанағаттанарлықсыз бағалауға жол берілмегені - жоғарғы сапаны көрсетеді.   

Сансызбай Елемесұлы сондай-ақ, белсенді рационализатор. Оның  2019-2021 жылдар аралығында 3 рационализаторлық ұсынысы өндіріске енгізілген. Мәселен, 2019 жылы «Домкраттың қол жетекті тұтқасы» рацұсынысы үшін 50 мың теңге шамасында авторлық сыйақы алса, 2020 жылы «Жолға малдың шығуын ор қаза отырып және теміржол жағынан жер білігін орнату арқылы қоршау» ұсынысы үшін 55 мың теңге шамасында сыйақы иегері болды. Ал 2021 жылы  «1/6 маркалы кіші радиусты симметриялы бағыттауыш бұрмаларда аудару қисығының ортасында рельстік жолтабанның және айқаспалы қисықтың сенімділігін қамтамасыз ету үшін қосу элементтерін пайдалану» рацұсынысы да қолдау тауып, ол үшін де  68914,12 теңге авторлық сыйақы алған.   

Бүгінде алпысқа жақындап, жол шаруашылығының қыр-сырын бес саусағындай меңгерсе де, кейіпкеріміз заман талабына сай біліктілігін арттырудан бас тартқан емес. Еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум, тағысын тағы салалар бойынша енгізіліп жатқан заманауи технологияларды меңгеруде білім көкжиегін кеңейтіп, біліктілігін көтеріп келеді. Жылдар бойы жинаған тәжірибесін жас буынмен бөлісіп, еңбекке баулуы оның тәлімгерлік қырын да аша түседі. 2019 жылдан бері М.Тынышпаев атындағы Ақмола көлік колледжінде дипломдық жобаларды қорғау жөніндегі комиссия төрағасы болып, талай жастың тұсауын кесіп, үлкен өмірге жолдама беріп келеді. 

Әріптестері Беркеновтың басты бес қасиетін ерекше атайды. Ол адалдық, қарапайымдылық, адамдарға құрмет, әрдайым көмекке дайын  және өз кәсібін құлай сүю. Содан болса керек, Астана жол дистанциясы бастығының орынбасары Сансызбай Беркенов жетекшілік ететін өндірістік телімдердің еңбек өнімділігі 100% құрайды. Айталық, биылғы жылдың бес айында Беркеновтің жеке бақылауындағы №4,5 қызмет көрсететін өндірістік телімдердегі балдық бағалау жоспары жүз пайыздан асыра орындалса, қанағаттанарлықсыз шақырымдарға мүлдем жол берілмеген. «Үздік маман» және «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған жолшының мерейін үстем етер жетістіктерінің бір парасы осы.

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады