Алғашқы ұстазым - әкем

ҚТЖ келбеті
12.08.2022, 11:23
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Күнқақты жүзінен үйдің емес, түздің адамы екені сезіліп тұратын осы бір қарапайым жанды жолшылар ұжымы құрмет тұтады. Өйткені, кәсібінің нағыз маманы ғана емес, жұмысына деген адалдығы, жауапкершілігі мен жанашырлығы оны өз ортасына сыйлы еткен. Сондықтан да болар, басшылық қоғамдық инспекторлыққа өзгені емес, Сергейді ұсынған.

Әңгіме Түлкібас жол дистанциясының жол монтері Сергей Боровской туралы болып отыр. Күні кеше өткен теміржолшылдардың кәсіби мерекесінде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған кейіпкерімізді құттықтап, аз-кем тілдескен едік.

– Бәріміз де бала болдық. Техникаға қызықпайтын бала жоқ, мен де тәй-тәй басып, тілім шыққаннан әкемнің руліне таласып өсіппін. Ес білгелі кім боласың десе, шопыр болам дейтінмін. Ауыл маңынан егіс даласына қарай ұйытқып шаңдатып бара жатқан машиналарды көргенде керуен көшіп бара жатқандай болатын. Қиялымда сол үлкен жүк көліктерінің бірін өзім жүргізіп бара жататынмын, – деп еске алады балалық шағын Сергей Александрович.

Алғашында арманына қол жеткізгендей де болды. Жүк көлігінің руліне отырып, аудан мен екі ортада құйғытып жүрді. Алайда, тоқсаныншы жылдардағы «тоқырау» ауылға да жетіп, колхоз-совхоздар тарап, кәсіпорындар жабылып, жұмыстан береке кетті. Ол кезде Сергейдің әкесі Александр Түлкібас жол дистанциясында еңбек ететін. Бірде ұлының ұнжырғасы түсіп келгенін байқаған әкесі: «Балам, теміржол деген – үлкен сала, кешегі соғыс кезінде де тоқтаған емес. Мүмкін, теміржолға келерсің» деп ой тастайды.

Осылайша, бір күнде те- міржолшы болып шыға келген Сергейге алғашында оңай болмады. Дегенмен, әкесінің, әріптестерінің арқасында жұмысқа тез төселіп, арада бір жыл өткенде өзін нағыз жолшы ретінде сезіне бастады. Арагідік біліктілігін көтеріп, жол шаруа- шылығының қыр-сырын түгел меңгергенше тыным таппады.

– Қай сала болмасын ең алдымен жұмысыңды жақсы білген жөн, өзіңе де сенімді боласың, жұмысың да жақсы жүреді. Біздің участок Абайыл станциясы аумағында. Пойыз- дар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белгілі уақыт болмайды, қажет болса күндіз де, түнде де жұмыс істеуге тура келеді. Ал теміржолдағы менің алғашқы ұстазым әкем жарықтық еді, – дейді үш баланың әкесі, Түлкібас жол дистанциясы №3 участок жол монтері Сергей Боровской.

Басшылықтың айтуынша, отыз жылға жуық Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Түлкібас жол дистанциясының жол монтері болып тапжылмай еңбек етіп келе жатқан Сергей Боровской бүгінде өзі де жастардың ұстазы, осы кезге дейін 47 жас маманды жол саласына баулып, үйретіп, маман етіп шығарыпты. Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор ретінде 2004 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №38 19 мамыр 2026 жыл
Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті
Спорт
18.05.2026
Тараз теміржолшылары арасында тораптық спорт жарысы өтті
Әлемде
18.05.2026
Еуропа теміржолдарына бірыңғай билет жүйесі енгізілмек
Жаңалықтар
18.05.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды
Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда
Инфрақұрылым
16.05.2026
Қазақстанның бес өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын