Қауіпсіздік кепілі – сапалы техникалық қызмет

ҚТЖ келбеті
26.08.2022, 09:58
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосы – аймақтағы жүк және жолаушылар тасымалы процесін жүзеге асырып отырған ірі кәсіпорын. Депода темір тұлпарларға техникалық қызмет көрсетудің маңызы зор. Электрик-жөндеуші Арыстан Биманов – ТҚК-2 цехының жөндеу бригадасындағы ең тәжірибелі маман.

 Арыстан Таукенұлы еңбек жолын 1981 жылы Ақтөбедегі Шұбарқұдық локомотив депосында бастапты. Көмекші машинист болып еңбекке араласып, уақыт өте келе тепловоздың қыры мен сырын жетік меңгерген нағыз маманға айналған. Бастапқыда көмекші машинист, одан машинист болып он шақты жыл жұмыс істеген соң барып жөндеу саласына ауысады. 1990 жылы ТКҚ-2 цехына электрик-жөндеуші болып орналасады. Он шақты жыл тепловоз тізгіндеген машинист жаңа жұмысқа да бірден үйреніседі, тепловоздардың тоқ жүйелеріндегі ақауларды тез анықтап, жөндеуде ерекше қабілетімен көзге түсіп, мұнда да он шақты жыл еңбек етеді. 2000 жылы Маңғыстау теміржолына ауысқан тәжірибелі маманды мұндағылар құшақ жая қарсы алады.  

– Маңғыстау локомотив депосында да ТҚК-2 цехында электрик-жөндеуші болып жұмысымды жалғастырдым. Сапардан қайтқан тепловоздардың тоқ жүйелерін қарап, табылған ақауларды уақытында жөндеп шығарумен айналысамыз. Тепловоздарға   сапалы техникалық қызмет көрсету – пойыздар қауіпсіздігінің кепілі. Жұмыс күні таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін цехқа 7-8 тепловоз келеді. Бір тепловозға 72 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде ақауын тауып, жөндеп, іске қосып жіберуіміз керек. Кезінде машинист болып жұмыс істеген маған бұл қиындық туғызбайды. Тепловозды қарап шығып, «ауруын» жаңылыспай таба алам. Жөндеп, жолға жөнелткенде құдды науқасты емдеп шығарып салған дәрігер секілді керемет сезімге бөленемін, – деп күледі тепловоздың тілін тапқан «дәрігер».  

Теміржолшылар әулетінен шыққан кейіпкеріміздің әкесінен бастап бауырларының бәрі осы салада тер төгіп жүр. Екі інісінің бірі Қандыағаш станциясында ШЧ механигі, екіншісі Шұбарқұдық станциясында күзет қызметінде. Қарындасы Зәуреш пен қызы Шарбану Маңғыстау станциясында оператор. Бүгінде үш баласынан тоғыз немере сүйіп, ұрпағының ұйытқысына айналып отырған жан «ендігі үмітім – немере буында, солар жолымызды жалғаса керек» дейді. Арыстан ағаның жұмысына жанын салатын қасиетін бәрі біледі. Цехқа жаңадан келген жастарды оның тәрбиесіне бекітіп беретін кез көп болады. Сондықтан да оны жөндеушілер бригадасының ұстазы деп те атайды.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды