Өртенген көліктен адамдарды құтқарған теміржолшы марапатталды

ҚТЖ келбеті
13.09.2022, 13:42
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының басшылығы жанып жатқан жеңіл көліктен төрт адамды құтқарған теміржолшы Еркебұлан Жүзбаевты Құрмет грамотасымен марапаттап, үлкен теледидар тарту етті.

 Оқиға 2022 жылғы 26 тамызда күндізгі сағат төрт шамасында болған. Еркебұлан сол күні ауысымнан шығып үйіне қайтып келе жатқан. Павлодар–Шарбақты трассасында Маралды теміржол станциясына жақын жерде Audi 100 автомобилінің КАМАЗ тіркемесімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан жанып жатқанын көреді. Ол бірден көліктегі адамдарды шығаруға ұмтылады. Жолаушыларды бірінен кейін бірін көліктен шығарып алып жатып, жүгіріп келген адамдардан жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Еркебұлан соңғы адамды көліктен шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген сәтте автомобильде жарылыс болады. Отқа оранған көліктегі жолаушылар Жаңаауыл ауылының тұрғындары екен. Олардың өз өмірін қатерге тіге отырып, жанып жатқан автомобильден алып шығып, ажал аузынан аман алып қалған теміржолшы жігітке деген алғысы шексіз.  

2019 жылдан бастап Павлодар жол дистанциясы қызмет көрсететін Красноармейка станциясының жол жөндеушісі болып еңбек ететін Еркебұлан Асланұлы жұбайымен екі бала тәрбиелеп отыр. Жұмыста адал, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор азамат төрт адамды құтқарған әрекетін ерлік деп есептемейді, бұл әрбір адамның азаматтық парызы деп санайды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты