Тарлан теміржолшыға құрмет көрсетілді

ҚТЖ келбеті
18.10.2022, 11:07
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау қаласы мен облысының Құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы Амангелді Селбаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Шараға Астана, Ақтөбе, Маңғыстаудан келген қонақтар, той иесінің замандастары мен әріптес ізбасарлары қатысты. Ғимарат фойесінде мерейгер өмірінен сыр шертетін фото көрме ұйымдастырылып, келген қонақтарға естелік кітап сыйға тартылды.  

Мерейтой иесінің шәкірттері атынан сөз алған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев көпшілікті А.Селбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолымен таныстырды. «Аманкелді Селбайұлының саналы ғұмыры отандық теміржол көлігін дамытуға, оның ішінде батыс өңірін түлетуге арналды. Ташкент темір жол инженерлері институтын бітіріп, өндірістің барлық сатысынан өткен теміржолшы Қарабатан, Ескене станцияларында кезекші, күрделі Мақат станциясының маневрлік диспетчері, Гурьев және Маңғыстау облыстарын қамтитын Гурьев темір жол бөлімшесінің аға диспетчері болып тасымалды ұйымдастыру ісіндегі кәсіби шеберлігін шыңдады. Облыс орталығындағы басты өнеркәсіп, құрылыс қуаттарын қамтитын, ең маңызды, қызмет ауқымы кең Гурьев-1 станциясын, сосын Гурьев бөлімшесін басқарған тарлан теміржолшы бөлімшенің кадрлық қорын жасақтауға да айрықша көңіл бөлді. Жергілікті жастарды темір жол институттары мен техникумдарында, арнаулы техникалық мектептерде оқытып, жұмысқа тартты. 1991 жылы Гурьев облысы өңірінен Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланып, өңірдегі талай әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға ықпал етті. 1996 жылы бүкіл Батыс Қазақстан темір жолының басшысы, «Қазақстан темір жолы» РМК құрылған соң Батыс аймақтағы өкілі қызметін атқарып, зейнетке шыққанша тынымсыз тер төккен аға буын өкілі, ұстазымызды мерейлі жасымен құттықтаймыз, – деген Б.Беркімбаев қазақы дәстүрмен мерейтой иесінің иығына зерлі шапан жапты.  

Құттықтау рәсімін мерейгердің көзкөрген әріптестері мен үзеңгілес достары жалғастырып, тарлан теміржолшының еңбек жолындағы ерекше оқиғаларды еске алысты, өлке теміржолының дамуына сіңірген зор еңбегін атап өтті.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты