Машинист – мамандықтың төресі

ҚТЖ келбеті
29.11.2022, 09:59
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ел игілігі үшін күн-түн демей жылжымалы құрамды сүйреген локомотивтерді тізгіндеген машинистер өмірі кімге болса да үлгі боларлық. Біздің кейіпкеріміз Марат Бертілеуов Шалқар айналым депосында тәжірибелі нұсқаушы-машинист.

Қырық жылдан аса уақыт еңбек еткен Марат ағамыз осы мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен. 1980 жылы Шалқар депосына слесарь болып кіріп, әрі қарай машинист көмекшісі, кейін жауапкершілігі жоғары машинист қызметтерін атқарған. «Осы депоға келіп, жұмысқа орналасқанда жас жігіт едім. Білуге, үйренуге бейім болдық. Тәжірибелі аға буынның әңгімесін ұйып тыңдайтынбыз. Жұмыстың қыры мен сырына әбден қанықтық», – дейді кейіпкеріміз. Теміржолшылар арасындағы игі дәстүр Бертілеуовтер отбасын да айналып өткен емес. Салада бүкіл ұрпақтың бір мамандық бойынша жұмыс істеуі дәстүрге айналғандай. Марат ағамыз да теміржолшының ұлы. Әке жолын қуып, барлық бауырлары осы мамандықты алып жүр. Үлкен теміржолшылар династиясын қалыптастырып келеді. Ұзақ жыл жылжымалы құрамды сүйреп, тепловоз айдаған теміржолшы бүгінде Шалқар айналым депосында нұсқаушы-машинист болып еңбек етіп, жас мамандарды өз кәсібінің шебері болуға баулуда. Локомотив бригадаларының жұмысын күнделікті қадағалап, ресурс үнемдеуге бағыт-бағдар беруде.

«Қарамағымда 40-қа жуық локомотив бригадасы бар. Тепловоз жүрісіне расшифровка жасайтын инженер қыздарға көмектесемін. Таспаға жазылған жылдамдық көрсеткішін қараймыз. Осылайша, тосын оқиғаларда таспаға жазылған қозғалысты танып, оқи білетін маманмен бірге жұмыс істеймін. Көмегімді тигізуге тырысамын. Машинистің іс-әрекеті, жылжымалы құрамның қозғалысын пойыз жүрген кездегі таспаға жазылған сызбалардан көріп, біліп отырамыз. Кейде шұғыл тоқтау, авариялық жағдай болады. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығын анықтап береміз», – дейді қырағы машинистен тәжірибелі нұсқаушыға айналған ағамыз.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды