Түкібаевтар отбасы үздік еңбек әулеті атанды

ҚТЖ келбеті
09.12.2022, 09:36
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Астана қаласында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын байқауда теміржолшылар әулеті топ жарды.

Байқаудың лауреаттары республикалық комиссияның отырысында жарыстың аймақтық кезеңінде жеңімпаз атанғандардан іріктеліпті. Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, әлеуметтік серіктестер, «Атамекен» ҰҚП мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірген.  

Аталған байқаудың «Үздік еңбек әулеті» номинациясын семейлік Түкібаевтар отбасы абыроймен жеңіп алды. Абай елінен барған атақты династия – республикадағы теміржолшылар әулеттерінің арасында ерекше орын алып отырған жанұя. Елорда төріне абыройлы әулеттің бес мүшесі арнайы барды.  

Министрлік өткізген салтанатты рәсім барысында әулет мүшелері 1 миллион теңгенің және бағалы сыйлықтың сертификаттарын иеленді. Салтанатты жиыннан кейін еңбек әулетінің өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы басшылығымен де кездесті. Емен-жарқын әңгіме барысында даңқты әулет мүшелерінің еңбек жолы, өз кәсіптеріне деген мақтаныш сезімдері, қол жеткізіп отырған жетістіктері атап өтілді. Бүгінде бұл әулеттің жалпы еңбек өтілі 580 жылдан асады екен. Әйгілі династияның негізін қалаушылар – ағайынды үшеу – Мәукен, Ілияс және Сыдық. Олар теміржолдағы еңбек жолын 30-шы жылдары бастап, Түркістан-Сібір темір жолының құрылысына қатысқан.  

– Арғы атамыз Түкібаев Мәукен теміржол саласындағы еңбек жолын пойыз кондукторы болып бастаған екен. Ұлы Отан соғысы жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеп, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге де үлес қосқан жан. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар да желі бойында жұмыс атқарды. Әулетіміз осылайша қазіргі күнге дейін еш үзіліссіз теміржолшы қызметін жалғастырып келеді. Бүгінде жалпы саны отызға жуық әулет мүшелері Ақтоғай, Аягөз, Семей станцияларында қызмет атқаруда, – дейді бұл орайда әулеттің үшінші буын мүшесі – Семей магистральдық желі бөлімшесінің еңбек және жалақы төлеу бөлімінің бастығы Құралай Түкібаева.  

Ал даңқты династияның өкілдері Маликриян Мәукенұлы, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы және Зұлқұмар Сыдықұлы әкелерінің даңқты еңбек жолын абыроймен жалғастыруда. Бүгінгі таңда немерелер мен шөберелер де Семей, Астана қалаларындағы теміржол мекемелерінде қызмет атқаруда.  

Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті