Үш жасар баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев: Нағашыларым сияқты «Құрметті теміржолшы» болғым келеді

ҚТЖ келбеті
14.12.2022, 16:32
Оқуға 4 мин
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Астанада зәулім үйдің терезесінде ілініп тұрған үш жасар баланы ерлікпен құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев жайлы естімеген адам кемде-кем шығар. Десе де оның мамандығы теміржолшы екенін көпшілік біле бермейді. Қазір ол Астана маңындағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ жұмыс істеп жатыр.  

Өз өмірін қатерге тіге отырып кішкентай баланы құтқарып қалған Сәбиттің әрекеті елді тамсандырмай қоймады. Жасаған ерлігі де елеусіз қалмады, қаладағы құрылыс компаниялары төрт баласы бар әкеге үш бөлмелі пәтер сыйлады. Жақында отбасымен пәтеріне көшіп барған Сәбитпен сұхбаттасып, өміріндегі өзгерістер жайлы сұрап білген едік.  

Сәбиттің негізгі мамандығы теміржолшы екен, әскерден келген соң Қызылордадағы темір жолда жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда 2006 жылдан бастап жолаушылар пойызын жөндеу бөлімінде бригадир болып 7 жылдай еңбек етеді. Сол жерде жұмыс істеп жүріп Көлік және коммуникациялар колледжінің Вагон шаруашылығы мамандығын сырттай оқып алады. Кейін айлығы аз болғандықтан басқа жұмысқа ауысыпты. Айтуынша, әулеттерінде темір жолда жұмыс істейтіндер көп.

«Әулетімізде теміржолшы болған адамдар көп. Соның бірі «Құрметті теміржолшы» медальімен екі мәрте марапатталған нағашым Мұхамедияр Пірімбетов. Тағы бір нағашым Ахмедияр Пірімбетов Қызылордадағы теміржолдың су жүйесін басқарды. Өзім егізбін, Ғабит деген сыңарым да Қызылорда облысында темір жолда жұмыс істейді»,- дейді ол.  

Сәбит 2012 жылы темір жолдан жұмыстан кеткен соң жеңіл көліктің моторын жинаумен айналысыпты. Он жыл моторист болған соң осы жазда Астанаға жұмыс іздеп келген.  

«Баланы құтқарғанда жанымда болған жігіт құрылыста еді, сонымен бірге 2-3 ай болсын жұмыс істеп қайтайын деп құрылысқа бардым. Жұмысқа шыққаныма бір апта болған кезде терезеден құлайын деп тұрған баланы құтқарып қалдық. Осылайша өмірім өзгеріп сала берді, – дейді С. Шонтақбаев.

Баланы құтқарып, ерлік танытқан Сәбит Астана әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында болады. Кездесу барысында Сәбиттің бұрын техника жөндеумен айналысқанына қаныққан әкім оған Локомотив құрастыру зауытынан жұмыс ұсынады. Өз мамандығы бойынша жұмыс шыққанына қуанған Сәбит бірден келісіпті.  

Сәбит ерлік жасап, өмірім бір күнде өзгеріп шыға келеді деп мүлдем ойламадым дейді. Баланы құтқарған кезде де ойларында ештеңе жоқ, асығыс жұмысына кете беріпті. Кейін құтқару сәтінің видеосы елге тарап, оны жұмысынан шақырып алып құрмет көрсеткен екен.  

«Сол жағдайдан кейін өмірім жақсы жағына қарай өзгерді. Бұрын кредиттен көз ашпаушы едім, қазір одан құтылдым. Үш бөлмелі үйді берді. Президентіміздің өзі «Ерлігі үшін» медальімен марапаттады. Төтенше жағдайлардың Ерлігі үшін деген медальімен де марапатталдым.  Одан өзге 10-15 марапат қағазы бар. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, сый-сияпатына ие болдым. Қазір көшеде көрген жұрт «сен Сәбит емессің бе?» деп қолымды алып, суретке түсіп жатады. Бәрі алғыстарын білдіріп, жақсы тілектерін айтады», – дейді кейіпкеріміз.

Сөз арасында Сәбит бұған дейін де жеткіншекті құтқарып қалғанын айтты. 2009 жылы Қызылордадағы вагон депосында жұмыс істеп жүрген кезінде Сырдарияға суға түсуге барып батып бара жатқан қызды құтқарып қалған екен.

«Жағалауда шомылып жүргенбіз, бір кезде жанымдағы досым «ана қыз батып бара жатқан сияқты» деді. Қарасам расымен қыз бір батып, бір шығып ағыспен кетіп бара жатыр екен. Содан тұра жүгіріп, ол қыздың алдынан тосып алдық. Шамасы 10-11 сынып оқитын қыз болу керек. Қорқып қалған қыз рахметін айтып, жөніне кетті», – деп еске алады Сәбит.  

Сәбит қазіргі жұмысы өзіне ұнайтынын, әріптестерімен де жақсы қарым-қатыста екенін жеткізді.  

«Қазір құрастыру цехында жұмыс істеп жатырмын. Негізінен тепловоздың жүріс бөлігін құрастырамыз. Қасымдағы әріптестерім әр жерден келген қазақтың мықты жігіттері. Бәрі сыйлайды, кейбірі «Герой» деп атаса, тағы бірі «Батыр» деп көтермелеп қоятыны бар. Темір жол саласында жұмыс істеп жатқан соң білімімді әрі қарай жетілдіріп, оқығым келеді. Енді сырттай болса да университетті бітіріп, өссем деймін. Нағашыларым құсап «Құрметті теміржолшы» болғым келеді. Алға қойған мақсаттарым мен армандарым көп, – дейді С. Шонтақбаев.  

Техниканың қыр-сырын жетік меңгерген Сәбит келешекте өзінің шағын Техника жөндеу орталығын ашсам деген арманы барын айтты. Қазір екі күн жұмыс істеп, екі күн демалады екен. Сол демалған уақытын босқа өткізбей көлік жөндеп, халыққа қызмет көрсетсем дейді.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды