Азамат Нұрғалиев үздік теміржолшы атанды

ҚТЖ келбеті
16.12.2022, 12:12
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жарма өңірінің теміржол тарихы Түрксібпен тамырлас. Бұл аймақтан шыққан атақты теміржолшылар қатары да мол. Бүгінгі таңда кешегі аталар дәстүрін қайта жаңғыртып, теміржолшылар мен даңқты династия өкілдерінің мәртебесін биіктетіп жүрген жармалықтар аз емес.

Жергілікті атқарушы биліктің шешімімен өңір бойынша жылдың үздіктері қатарына теміржолшылар өкілі де енгізіліпті. Жуырда ғана болып өткен аймақтық байқау бойынша Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев «Жылдың үздік теміржолшысы-2022» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.  

Азамат Қанапияұлы кездейсоқ таңдалмаған. Жарма өңіріне әйгілі Нұрғалиевтар династиясының ең кіші буыны аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген ел азаматы ретінде танылып отыр. Атқарушы билік өкілдері оның Түрксіб заманында салынған Жаңғызтөбе станциясын күрделі жөндеуден өткізіп, соңғы екі-үш жылдың көлемінде жүк айналымын бірнеше есеге арттыру жолындағы еңбегін аса жоғары бағалапты. Мәселен, Жаңғызтөбе арқылы 2016 жылы небары 296 вагонға жүк тиелсе, өткен жылы 7 200 вагон жөнелтілді. Ал биылғы жылы жүк тиеліп жөнелтілген вагондар саны 8 000-ға жақындаған.  

Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев сонымен қатар жүк тиеу мен түсіру жұмыстарының артуына байланысты өткен ғасырдың 90-шы жылдары жабылып қалған кірме жолдарды қайта ашып, жандандырып жатқан көрінеді. Өңір басшысы Жарқынбек Борашев «Жылдың үздік теміржолшысы» атанған Азамат Қанапияұлын марапаттап, барлық теміржолшылар қауымына Жарма өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін жергілікті атқарушы билік атынан зор алғыс білдірді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда