Теміржолшы Қарабековтер отбасы

ҚТЖ келбеті
23.12.2022, 10:55
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл өңірінде Қарабековтерді танымайтын жан жоқ. Теміржолшы Сағындық қарияның кіндігінен тараған перзенттерінің дені әке жолын жалғап, темір жолда еңбек етеді.

Ұлдың үлкені Жетпісбай Қарабековтің айтуынша, олардың алғашқы ұстазы – әкелері, зейнетке шыққан соң да балалары мен немерелерін теміржолшы кәсібінің қыр-сырын үйретуден жалықпайтын да, ерінбейтін де болыпты.

– Әкем осыдан он жыл бұрын 81 жасында дүниеден озды. Әбден өз ісіне берілген жан еді, шал болса да қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды жатқа соғатын. Басымыз қосылған жерде «анау қандай, мынау қандай?» деп бізден «емтихан» алып, қателесіп немесе мүдіріп жатсақ ұрсып, еске салып, білмесек үйретіп жататын. Біз таң қалатынбыз. Осының бәрін қалай жаттап алған деп. Ол кісі Жамбыл жол дистанциясында 41 жыл еңбек етті. Ал анамыз үйдің жайын жасап, бізді өсіріп, тәрбиемізбен айналысты. Ағайынды бесеуіміз әке жолын таңдадық. Мен әскерден келгенде әкем бір үйге бір жолшы жетер, сен машинист боласың деп мені Жамбылдағы машинистер дайындайтын мектепке алып барды. Сосын депоға кіріп алдымен көмекші машинист, кейін көп жыл машинист болдым. Әкем секілді мен де соңымнан ерген інілеріме жөн сілтеп, оларды да темір жолға тарттым, – дейді Жетпісбай Қарабеков.

Жетпісбай бүгінде Жамбыл вагон жөндеу депосында кәсіподақ цехының жетекшісі. Жетпісбайдан кейін Серік қалпына келтіру пойызында еңбек етеді. Өз саласының үздігі. Теміржолшылар күнінде төсбелгі алды. Берік Қарабеков Жамбыл жол дистанциясында жол шебері болып соңғы 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал Руслан Тараз локомотив жөндеу депосында, кенже ұл Рустам қалпына келтіру пойызында жұмыс істейді.  

– Бүгінде немере буын да ата жолын жалғауда. Менің ұлым Жасұлан Жамбыл вагон жөндеу депосында вагон қараушы. Ал Беріктің ұлы Аслан «Қазфосфат» ЖШС теміржол паркінде вагон қараушы. Сонымен, әзірге ағайынды жетеуміз. Болашақта қатарымыз тағы да арта түспесе, кемімейтін шығар, ал әулетіміздің жалпы еңбек өтілі 170 жылдан асты, – дейді «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісінің иегері Жетпісбай Қарабеков.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды