Құлсары теміржолының дамуына үлкен үлес қосқан жан

ҚТЖ келбеті
24.01.2023, 11:54
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол деген саланың кірер есігінен енген адам шығар есігіне жеткенше бүтін бір ғұмырын арнайды. Бүкіл өмірін темір жолға арнап, соның ыстығына күйіп, суығына тоңып еңбек еткен жандар жүздеп-мыңдап саналады.

Ал тұтас әулетімен осы салада еңбектеніп, теміржолшы кәсібі екінші, үшінші, тіпті төртінші ұрпағына дейін жалғасып жатқандар туралы не айтуға болады? Кәсібіне адалдық десек, ол адалдық махаббат пен сүйіспеншіліктен туындаса керек. Демек, теміржолшы өз кәсібін жақсы көріп, оны құрмет тұтса, сөз жоқ, адал еңбек етеді, табысқа жетеді.  

Құлсарыда туып өсіп, саналы ғұмырын осы станцияның дамуына арнаған теміржолшы Шоқан Бақтыбаев сондай жан. 1959 жылдың соңында Құлсары қаласында дүниеге келген Гурьев теміржол техникумын бітіріп, еңбек жолын пойыз құрастырушы боп бастады. Темір жолдың, станция жұмысының қыр-сырын әбден меңгерген ол үш жылдан соң станция кезекшісі қызметіне кірісіп, 15 жыл табан аудармай еңбек етті. Өз жұмысын, кәсібін жанындай жақсы көріп, берілгені сонша, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен кешегі тоқсаныншы жылдары бірнеше тиімді ұсыныстарды да қабылдамапты. Өзі туып-өскен Құлсарысын ешқандай жер жәннатына айырбастамады. 2002 жылы Құлсары станциясы бастығының орынбасары болып тағайындалып, жиырма жылға жуық адал тер төкті. Жұмысына адал, темір жол үшін шын жаны ауыратын азаматты жерлестері Құлсарының дамуына үлкен үлес қосқан жан деп жоғары бағалайды. «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін», т.б. марапат иесі атанған тарлан теміржолшы жуырда еңбек жолын аяқтап, құрметті зейнет демалысына шықты. Ұзақ жыл үзеңгілес болған әріптестерімен қимай қоштасты. Ал станция ұжымы мен кәсіподақ ұйымы Шоқан Бақтыбаевқа көп жылғы еңбегінің зейнетін көріңіз деген тілекпен, лайықты қошемет, сый-құрметпен шығарып салды.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды