Құрметті теміржолшы Алик Досанов алпыс жасқа толды

ҚТЖ келбеті
27.01.2023, 11:05
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы, Құрметті теміржолшы Алик Досанов ел ағасы жасы – алпысқа толып отыр. Қашан да теміржолшылар игілігі үшін атқарылып жатқан іс-шаралардың басы-қасынан табылатын жайсаң азамат кәсіподақ қызметінде ширек ғасырға жуық қызмет етіп келеді.

Алматыдағы қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған Алик Тұрсынұлы еңбек жолын Семей теміржолының вагон шаруашылығында жылжымалы құрам слесарі болып бастайды. Әрі қарай вагон қараушы, нұсқаушы, шебер, аға шебер сынды сатылы еңбек жолынан өтіп, өндірісте тәжірибе жинақтайды.  

1998 жылы Семей вагон пайдалану депосының ұжымы өз жұмысына жауапты, көпшілікпен тіл табыса білетін сауатты маманды кәсіподақ төрағасы етіп сайлайды. Әріптестерінің сенімін ақтауға тырысқан кәсіподақ жетекшісі теміржолшылардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін барлық мүмкіндікті жасауға ұмтылды. Олардың тиісті көмек түрлерін алып, салалық жеңілдіктерді пайдалануын назарда ұстап, спорттық және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда жетістіктерге де жетті. Өзі де осылай кәсіподақ қызметінде тәжірибе жинап, ысылды. Сондықтан да болар, 2015 жылы Алик Досанов бірауыздан «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлері кәсіби одағы» ҚБ-ның Семей жүк тасымалы бөлімшесіндегі филиалының төрағасы болып сайланды. Күні бүгінге дейін, міне, аймақ теміржолшыларының сенімін арқалап, абыройлы еңбектеніп келеді.  

Осы жылдар аралығында Алик Тұрсынұлының ұйытқы болуымен бөлімшенің қоғамдық өмірі қайта жаңғырды десек, артық айтпайсыз. Бөлімше басшылығымен келісе отырып, теміржолшылар игілігі үшін көп жұмыс жасалды. Атап айтсақ, әр жылдарда шалғай станциялардан балалардың ойын алаңқайлары, Семей станциясынан психологиялық жүктемеден арылу бөлмесі ашылды. Жуырда ғана Семей іргесіндегі Теміржолшылар кентінде жасанды футбол алаңы мен балалардың ойын алаңқайының ашылу салтанаты өтті. Алик Тұрсынұлының күш салуымен осы ауданда көше шамдары орнатылып, асфальт төселген-ді. Бұл істердің барлығы кәсіподақ лидерінің теміржол бойындағы халық алдында абырой-беделін арттырды.  

Бүгінде қайта құрылған Абай облысындағы ұжым саны ең көп салалық кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу оңай емес екені белгілі. Ал оны жоғары деңгейдегі жетістікпен басқарып отырған Алик Тұрсынұлын жуырда аймақтағы барлық кәсіподақ ұйымдары мүшелері бірауыздан қолдап, Абай облыстық кәсіподағы координациялық кеңесінің мүшелігіне салтанатты түрде қабылданды. Жауапкершілік жүгі бұрынғыдан да ұлғая түсті деген сөз.  

Ал халқымыздың «алпыс – тал түс» деген тәмсілін ескерсек, осы жасқа алғыс пен абырой арқылы аяқ басқан Алик Тұрсынұлы үшін жемісті жылдар жалғаса беретіні анық деп білеміз.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды