Түбектің Табылдысы 70 жаста

ҚТЖ келбеті
21.03.2023, 15:27
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстау теміржолының белді ардагерлерінің бірі, аймақтың Құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы Табылды Әміров жетпіс жасқа келді. Ғұмырының қырық жылға жуығын түбек теміржолының дамуына сарп еткен ол тек көлік қатынасы саласында ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық бағытына да тікелей атсалысып, еңбек сіңірген азаматтар қатарынан.  

Табылды ағамыз 1953 жылдың көктемінде Атырау облысы Новогат ауданында дүниеге келген.  Орта мектепті бітіре салысымен өзінің болашақ бағытын теміржолмен байланыстырады. Ақтөбе теміржол техникумына оқуға түседі. Кейін Алматы теміржол институтында жоғары білім алады. Саладағы еңбек жолын 1978 жылы Шетпе станциясында станция кезекшісі болып бастайды. Бұл міндетті Аққыстау станциясында да жалғастырып, өзінің іскерлігін паш еткен оны 1981 жылы жауапты жұмысқа тағайындайды. Содан  бірнеше станцияның басшысы болады. Әр жылдары Үстірт, Сай-Өтес, Шетпе, Құлсары станцияларының тізгінін ұстап, өзін станция жұмысында әжептәуір шыңдаған ол 1993-2007 жылдары Маңғыстау теміржолының басқаруын қолына алады. Одан кейін бірнеше жыл сол бөлімшенің бас инженері қызметін атқарады. Зейнеттік демалысқа Маңғыстау станциясының бастығы жұмысынан шығады. Теміржолдан зейнетке кеткенмен еңбектен біржола қолүзбейді. 2016-2022 жылдар аралығында Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып, ауданның тыныс-тіршілігіне белсене атсалысады. Бұл қоғамдық жұмыстағы алғашқы қадамы емес еді. 2003 жылдан бастап III, IV, V, VI шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып жүріп те талай мәселенің шешілуіне   мұрындық болды. Кезінде оның араласуымен Маңғыстау теміржолына жергілікті кадрларды даярлау мақсатында Ақтау қаласынан Тынышбаев атындағы Көлік Академиясы ашылған еді. Кейіннен академия колледжге айналды. Осы оқу орындарының кейін де қалыпты жұмыс істеуіне қолдан келгенше көмектесті.  

–  1970 жылдары Астрахань-Гурьев теміржолы салынған болатын. Онда ауылда өскен бізге теміржол бұрын көрмеген таңсық дүние, зулап пойыздар жүріп жатады. Теміржолды қызықтап жүрген сондай күндердің бірінде вокзал жанында теміржолшы формасын киген келісті бір адамға ерекше назарым ауды. Өзін ұстауы мен үсті-басына тамсанып тұрып, сол маңда біреуден сұрасам оның  Аббас Сембаев деген теміржолшы, станция бастығы екенін білдім. Сондағы алған әсерім, мамандық таңдауыма септік етті. Сол уақыттан бастап теміржолшы болуға ықыласым ауды. Мектепті бітіргеннен бірден теміржол техникумына жол тарттым, – деп еске алады Табылды Әміров өзіне өмірлік азық болған кәсібі туралы сөз қозғағанда.  

   Табылды Әмірұлы солай кездейсоқ кездесуден кейін теміржолшы болуға белді бекем буады. Ата-анасы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен, бауырлары да содан соң бірінің соңынан бірі теміржолға аяқ басып, салада Әміровтер әулеті қалыптаса бастайды. Бүгінде солардан тараған ұрпақ түрлі бағытта қызмет етуде. Өзі де бұл жолды таңдап, ұтпаса ұтылмаған еді. Талай жыл абыроймен міндетін атқарып, теміржолдың құрметті ардагері атанды. Әріптестерінің алдында жұмысты біліктілікпен ұйымдастыра алатын азамат, жас мамандарды еңбекке баулып, кәсіби біліктілігін жетілдіру бағдарламасы бойынша атсалысқан басшы ретінде танылды. Қазір де облыс, аудан көлемінде өткізілетін мәдени-көпшілік шараларға белсене араласатын ақылшы ақсақал, құрметті қонағы болып жүрген жандардан. «Өмір өзен, даңғыл жол» кітабының авторы.

– Теміржол – оңай сала емес. Жауапкершілігі жоғары. Менің де басымда қиын кездер көп болды. Оның бәрін еңсере білдік, абыроймен алып шығуға жұмыстандық. Мәселен, бұрын теміржолды су басып, шайып кететін кездер көп болатын. Әсіресе 1991 жылы, 1997 жылдардағы оқиғада соның кесірінен пойыздар апталап жүрмей, тоқтап қалды. Сол кездері әкімдікпен де жұмыс жүргізіп, неғұрлым тез қалпына келтіруге, қатынасты тоқтатпауға жұмыстандық. Қазір оның бәрі көрген түс сияқты. Немерелерге айтсаң ертегідей әңгіме. Солардан ширай-ширай өткенбіз. Өзім өмірімде теміржолмен бірге халық үшін де қызмет етуді мақсат тұтқан адаммын. Жұмыста жүргенде қоластымдағы қызметкерлердің барлық отбасылық жағдайын біліп, сұрап отыратынмын. Оларға қатысты алдымда өндірістік және тұрмыстық сұрақ тұратын. Егер тұрмыстық жағдайы келіспей, қандайда бір жетіспеушілікпен алаңдап жүрсе, ол жұмысына да әсер етуі мүмкін. Сондықтан жетістікке жету үшін қолымнан келгенше осы екі мәселені де қатар алуға тырыстым, – дейді кейіпкеріміз.  

Бәлкім содан да болар, бүгінде Табылды ағайымыздың тақса бір жейдеге сыймайтындай қатар-қатар медаль, төсбелгілері мен үйінің сөрелері толған түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының Құрметті депутаты, Мұнайлы, Исатай аудандары мен Маңғыстау облысының Құрметті азаматы. «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің, Құрмет орденінің иегері.  

Цифрландыру
03.02.2026
Сингапурлық технология Қазақстан логистикасын қалай өзгертті?
Жаңалықтар
03.02.2026
Меморандумға қол қойды
Аймақтар
03.02.2026
Жауапкершілік жүгі жоғары
Станция тынысы
03.02.2026
Достықтағы «достық» ескерткіші
Әлеумет
03.02.2026
Әлеуметтік әріптес
Жаңалықтар / Мұрағат
03.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №8 03 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
02.02.2026
Жаңа Конституция – еңбек адамының құқықтық кепілі
Инфрақұрылым
02.02.2026
«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс барысы пысықталды
Аймақтар
02.02.2026
Жолшылар жаңа қонысқа көшті
Қауіпсіздік
02.02.2026
Теміржол бойындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Станция тынысы
02.02.2026
Теңдік станциясы толық қуатта: тәулігіне жүздеген вагон өңделуде
Жолаушылар тасымалы
02.02.2026
ҚТЖ пойыздарында 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдік шарттары
Жолаушылар тасымалы
02.02.2026
«Астана – Семей» бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді
Жаңалықтар
31.01.2026
ҚТЖ дамудың адам игілігіне бағытталған үлгісіне көшуді қолдайды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды