Тағдыры теміржолмен түйіскен Бекмұрзаевтар әулеті Арыста тұрады

ҚТЖ келбеті
26.04.2023, 19:54
Суретті түсірген автор

Шымкент жол бөлімшесіндегі ең ірі станциялардың бірі – Арыс станциясы. Орта Азияның қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған Арыс қаласында 10 адаммен жолықсаң соның 9-ы теміржол кәсібін нәсіп қылған болып шығады.  Бүгінгі мақаламыздың арқауы  арыстық Бекмұрзаевтар әулеті.

Арыс қаласы..... Мұнда күнделікті тіршілік пойыз дауысынан басталады. Күнделікті емесау, түнімен, тәулік бойы пойыздың болдаған дауысы мен станциядан шыққан дауыстар тынбай жаңғырып жатады.  Арыс-1 станциясы 5 жолмен 1904 жылы «Орынбор-Ташкент» теміржолы құрылысымен қатар пайдалануға берілген. 2017 жылға дейін  небәрі 9 жол болған. Қазіргі таңда өз міндеттерін жүйелі орындау үшін станцияда 106 жол, 8 парк тоқтаусыз жұмыс істеуде. Станцияның екі сұрыптау дөңесі бар. Оңтүстік бағыты 1937 жылы салынған, оның тәуліктік қуаты – 3640 вагон болса, Солтүстік бағыттағы автоматтандырылған  сұрыптау дөңесі 1980 жылы салынып, тасымалдың азаюына байланысты 1995 жылдан бастап концервацияға қойылған.  

Арыс станциясының бастығы Бөгенбай  Тоқсейітов теміржолшы ата кәсібіне айналған арыстықтар даңқты династияларға бай, атадан балаға мирас болып, бірнеше ұрпаққа жалғасқан  теміржолшылар әулеті станцияның мақтанышы дейді. Соның бірі жоғарыда айтып өткен Бекмұрзаевтар жанұясы.  

Теміржолшы әулетінің шежіресімен бізді  Арыс станциясына 36 жыл еңбегі сіңген Бекмұрзаев Еркін Баянбайұлы таныстырды.   1966 жылы 9-шы қарашада осы  Арыста қарапайым  теміржолшы отбасында дүниеге келген Еркін Баянбайұлы 1984 жылы мектепті бітіре сала Арыс қаласындағы вагон жөндеу депосына жұмысқа кіріпті. Екі жыл Отан алдындағы борышын  өтеп келген соң  Арыс станциясында вагон құрастырушының көмекшісі, 1989 жылдан бастап Арыс станциясының дөңес операторы, станция диспетчері, одан Дөңес кезекшісі болып осы кезге  дейін еңбек етіп келеді.    

Үлкен ұлы Ербол әке жолын қуған, қазіргі таңда Арыс вагон жөндеу депосында еңбек етеді. Кіші ұлы – Нұрбол инженер-технолог.

Өзінің қиын да қызықты жұмысын тілге тиек еткен Еркін ағамыз теміржолшы әулеттен шыққан 17 адамды санап шықты. Бекмұрзаұлы Сайрамбай, Бекмұрзаұлы Әміреше, Есмұрзаұлы Иса, Есмұрзаұлы  Сейдеш, Бекмұрзаұлы Әбіл, Бекмұрзев Баянбай, Бекмұрзаев Сайлаубай, Бекмурзаев Орынбасар, Арыстанбаев Ырысбай, Бекмурзаев Серік, Бекмурзаев Ізбасар деп бір қайрырып алып, әрі қарай әулеттегі кейінгі  толқынға ауысты.  

Бекмұрзаев Сабыр Сайлауұлы, Арыс станциясында пойыз жылдамдығын реттеуші. Бекмұрзаев Нұралы Баянбайұлы мен  Бекмұрзаев Бегалы Баянбайұлы Вагон депосында еңбек етеді.  

Бекмұрзаев Ералы Баянбайұлы, ШЧ-38-де вагоншы, Бекмұрзаев Жарылқасын Сайлауұлы, ПЧ-да  жолшы.  «18-шісі менің ұлым Ербол!» деді әулеті үшін, кәсібі үшін мақтанышын жасырмаған теміржолшы.

Жуырда отбасы күні қарсаңында өтетін «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға шақырту алған отбасы тек қана арыстық емес, күллі Қазақстан теміржолшыларының мерейін өсірмек.    

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды