Тыл ардагерінің естелігі немесе ерлі-зайыпты теміржолшылар

ҚТЖ келбеті
06.05.2023, 12:14
Оқуға 3 мин
Сурет архивтен
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз қаласында тұратын 101 жастағы теміржолшы кейуана Бүбікүл Рүстембекова – бүкіл өмірін шойын жолға арнаған кешегі теміржолшы. Еңбек жолын соғыс кезінде бастаған тыл ардагері.

Бүгінде төсек тартып жатқан ананың қалін сұрай барып, азды-кем сұхбаттасып қайтқан едік. Бүбікүл әже ері Мақатаймен соғыс кезінде теміржолда жұмыс істеп жүріп 1942 жылы шаңырақ көтеріпті. Екеуі жарты ғасыр қол ұстасып бірге жүріп шойын жолда тер төккен. Екеуі де өмір бойы Құмарық разъезінде жолшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнетке шыққан. Бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсіреді. 1944 жылы өмірге келген тұңғыштары Өсер де ата-ана жолын қуып болат жолда еңбек еткен. Өкінішке орай, 2019 жылы өмірден өтіпті.  

– Біздің балалық шағымыз теміржолшы отбасында сол разъезд бойында өтті. Әкем Мақатай Рүстембеков 1909 жылы туған. 1930 жылы Түрксіб станциясына қарасты Құмарық резъезіне жұмысқа тұрып, сол жерде табан аудармастан еңбек етіп, 1968 жылы зейнетке шыққан еді. Ол кісі 1926-1930 жылдар аралығында Кеңес үкіметі тұсында «23-ші магистраль» аталған Түрксіб құрылысына қатысқан. Бірақ еңбек кітапшасында ол туралы жазылмаған. Оны біз өз аузынан еститінбіз. Ал Ұлы Отан соғысына қатыспаған себебі, ол жылдары тыл еңбеккерлері майдандағыларды азық-түлік, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғаны белгілі. Теміржолдың маңызы өте жоғары болған. Сол себепті «броньмен» қалған теміржолшылар қатарында әкем, оның жанында шешем жан алып, жан беріп жұмыс істегендерін беріге дейін аңыздай етіп айтып отыратын. Әкем жарықтық: «1934 жылдары өзге ұлт өкілдері өз Отандарынан күштеп көшіріліп, Қазақстанға жер аударылды. Сол департация кезінде қаншама кавказ ұлттарын вагон-вагонға толтырып, осы Түрксіб, Шу, Отар станцияларының бойына тастап жатты. Біз оларды вагондардан түсіргенде ішінде қаншама адамның мүрдесі шығатын. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Ертерек вагондарды босатып жөнелту үшін жанталасамыз. Соғыс кезінде тылдағы жұмыс өте ауыр болды, әсіресе әскери жағдайға көшірілген теміржолда титтей қателігің үшін әскери трибуналмен сотталып, атылып кетуің мүмкін» деп еске алатын, – дейді қарт анасын күтіп отырған Бүбікүл әженің қызы Доқдыркүл Мақатайқызы.  

Әжім торлап қажыған жүзінен ауыр еңбектің табы сезілетін қарт ана әлсіз даусымен әлсін-әлсін әңгімеге араласқаны болмаса, үнсіз жатыр. Соңғы кезде тез шаршап қалатын көрінеді. Оңай ма, жүзден асу деген.  

«Осыған да тәубе дейміз! Кейінгі ұрпағына өнеге болсын деп кейде естеліктер сұрап қаламын. Шамасы келгенше айтуға тырысады. Білетінім, анам өте қарулы, қауқарлы болды, қазір ғой қарттық жеңіп қайратының кемігені. Өмір бойы бірге еңбек етіп жол бойында жүрген ата-анам кезінде талай марапаттың төрінде болды, бізді тең-құрбымыздан кем қылмай өсіріп жеткізді», – деп көзіне жас алды тыл ардагерінің қызы.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды