Миллионер машинист

ҚТЖ келбеті
19.05.2023, 14:37
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қарбыз өсіріп, бір жылда 25 млн теңге табыс тапқан теміржолшыға қызыға қарайтындар көп. Шұбарқұдық станциясының машинисі Жәнібек Елтезеров туралы кеңірек әңгіме қозғағанды жөн көрдік.    

Отыз алты жастағы Жәнібек Елтезеровтің отбасында бес бала өсіп келеді.  Сондықтан бір ғана жалақыға қарап отырмай, қосымша табыс табуды ойлаған машинист жігіт жермен айналысуды жөн көреді. Соңғы үш жылдан бері жер жыртып, бау-бақша егіп отыр. Екі бірдей жоғары білімі бар жігіттің ауыл шаруашылығынан хабары мол, диқаншылықтың пайдасын жақсы біледі.  

«Ата кәсібіміз емес пе, жермен жұмыс істеген өзіме ұнайды. Терапия. Жерді  дұрыс күтіп баптасаң, бәрін өсіріп өндіруге болады. Мал өсірсең өсімін алу үшін талай жыл кетеді, ал диқаншылық бір жылда байытады деген ата бабамыз. Былтыр бұл іске 10 млн теңге салдым, тек қарбыздан 25 млн теңге таптым. Көкөністерді де өсіремін. Ата-анам, жұбайым көмектеседі. Ауыл-аймақ, төңіректі тұтастай қарбызбен қамтамасыз етіп отырмын. Жаман емес. Пайдасы бар. Егер сіз қол қусырып жатпай, еңбек етсеңіз, міндетті түрде жетістікке қол жеткізесіз», – дейді Жәнібек Елтезеров.  

Теміржолшы жігіт алғашқыда картоп өсіріп бастағанын айтады. Кейін егіс алқабын ұлғайтып, сегіз гектарға қарбыз еккен. Ісі өрге басқан көпбалалы әке кәсіби бағбандардан көп нәрсе үйреніп, жылдан-жылға шыңдала түскен. Тәжірибелі  шаруалардан жер баптаудың қыр-сырын үйреніп, қарбыздың ерте пісетін сұрпын да зерттеп үлгерген. Қазір пленка астына дақыл салып, нарыққа ерте шығаруды жоспарлап отыр.  

«Басқалардың бақшасы піскенін қарап отырғаннан өзің еккен дәмдірек. Одан пайда тауып отырсаң жақсы емес пе?! Жер бар, су бар. Басқаға тәуелді қылмай жерлестерімді қарбызға тойдырамын. Биыл ең кемі 700-800 тонна қарбыз аламын деген жоспар бар. Қарбыздан бөлек басқа да көкөністер ектім, бәрі табиғи өнім, өзіміз жейміз, артылғанын сатамыз», – деді ол.  

Көп балалы әке биыл егіс алқабын үш есеге ұлғайтуға ниетті. Бұдан басқа, жылыжай салуды жоспарлап отыр. Айтуынша, бүгінде көмекшілері көбейген, сондықтан негізгі жұмысына еш кедергі жоқ. Жұмыстан қалған емес, уақытылы демалып, дайындалып, кесте бойынша темір тұлпарымен сапарға шығады.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты