Кадрдың қадірін білген жан

ҚТЖ келбеті
30.06.2023, 09:32
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде кадрлар бөлімін басқаратын Анар Жалғасбаева жиырма жылға жуық осы қызметті абыроймен атқарып келеді. «Теміржолшы – қауіпті де жауапты ерекше кәсіп иесі. Сол себепті әр еңбек адамы мен үшін қымбат», – дейді ол.

Персоналды басқару, яғни кадр бөлімінің басшысы – қандай да бір кәсіпорындағы негізгі мамандық. Қызметкерді жұмыс орнына қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, біліктілігін арттыру, демалыстарын ресімдеу, ынталандыру, т.б. функционалды міндетін атқарумен қатар, Анар сияқты жүрегі жұмсақ, жаны таза кадр қызметкерлері әр адаммен тонның ішкі бауындай жақын қарым-қатынас орната білсе, нұр үстіне нұр. Әрине темір жол, соның ішінде магистральдық желі – көп тармақты мекеме, құрылымдық бөлімдері де аз емес. Оның әрқайсысында жүздеген адам еңбек етеді. Сондықтан әр жұмысшыны бағалау, олардың ұсыныс-талаптарын қанағаттандыру, әркімнің қадір-қасиетіне жете білу оңай жұмыс емес. Дегенмен, Анар алдына келген адаммен жан-жақты танысып, әңгімеге тартып, жақын білуге тырысады. Сондықтан көпшілік персоналмен жақсы таныс, жағдайларын да жақсы біледі. Сонымен қатар Анар құрылымдық кадр бөлімі басшыларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, кадр мәселесіне қатысты орын алып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар болып, реті келсе ақылдасып, талқыға салып отыруды да ұмытпайды.  

Анар Амантайқызы Атырау мұнай-газ институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, темір жолдағы еңбек жолын есепші болып бастаған. Кейін жетекші инженер, персоналды басқару бөлімінің менеджері, одан басшысы болып күні бүгінге дейін қызмет атқарып келеді. «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің, «Үздік басшы» дипломының иегері. Биылғы жылы «Теміржол – менің тағдырым» байқауына қатысып, бақ сынады.  

Ал үйде төрт баланың анасы үшін жұмыс жетеді. Отбасының түтіні түзу шығып, өсіп келе жатқан ұл-қыздары жақсы азамат болып өссін дейтін барша қазақ әйелінің тілегі – Анардың да тілегі.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды