Кішкентай қателік үлкен апатқа әкелуі мүмкін – теміржолшы

ҚТЖ келбеті
13.07.2023, 09:22
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы тәжірибелі теміржолшыларымен ерекшеленеді. Теміржолда көздің қарашығындай сақталатын қауіпсіздіктің алғышарты кәсібилік деп түсінетін дистанциялықтар білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырудан ешқашан шет қалған емес.

Дистанцияда 30 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан Фарида Балғабаева – сондай кәсіби біліктілігі жетілген, тәжірибелі теміржолшылардың бірі. Ол дистанцияның құжаттар бөліміндегі жауапты маман болғандықтан бүкіл қор, техника мен құрылғылардың жұмысын бес саусақтай меңгерген. Себебі оның функционалдық міндетіне белгі беру және байланыс құрылғыларының техникалық құжаттарын қамтамасыз етумен қатар жаңадан келген ұсыныстарды, жобалық сызбаларды енгізіп, сәйкестендіруін қадағалау да кіреді.      

«Үшқорай – Қауылжыр станцияларының аралығына жауап беремін. Оның ішінде үлкен Шалқар станциясы бар. Механиктердің жұмыстарының техникалық құжатқа сәйкестігін жіті бақылап отырамыз. Жұмыс жауапкершілікті және қырағылықты талап етеді. Қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету үшін әр жұмысты үтір-нүктесіне дейін қараймыз. Кішкентай қателіктің зардабы үлкен апатқа әкелуі мүмкін», – дейді Фарида Балғабаева.

Дистанция теміржолда алғашқылар қатарында құжаттарын электронды форматқа  енгізді. 2003 жылғы тәжірибе алмасу мектебі жұмысты жеңілдеткен. Осы жұмыстардың басы-қасында білікті маман Фарида Балғабаева жүрді. Тиімділігі жоғары жобаны жүргізудегі қызметі басшылық тарапынан лайықты бағаланып, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» медалімен марапатталды.    

Кейіпкеріміз Түркістан қаласының тумасы, 1986 жылы Алматы көлік инженерлері институтына оқуға түседі. Шалқардағы теміржолшылар отбасына келін болып түсіп, 1991 жылы диплом алғасын жолдасымен қол ұстасып сонда аттанды.  Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясына жұмысқа қабылданып, міне 32 жыл еңбек етіп келеді.

«Теміржол қызметін «жартылай әскери сала» деудің өз себебі бар. Өйткені мұнда берілген тапсырма талқыланбайды. Мүлтіксіз орындалады. Сонымен қатар еш ақаусыз жасалуы тиіс. Себебі қауіпсіздік көздің қарашығындай сақталып, қорғалады. Ал қауіпсіздік  жұмысты сауатты, қатесіз атқарғанда ғана сақталады, ол үшін кәсібилік керек», – дейді тәжірибелі маман.    

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты